25.05.2017, 15:18 3042

Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен СҚО-да болды

Соӊғы бес жылда өнiм шығару 269 млрд. теӊгеден 385 млрд. теӊгеге дейiн өстi. Алайда шағын және орта бизнестiӊ өӊiрлiк жалпы өнiмдегi үлесi 25 пайыздан 24 пайызға дейiн азайды. Оған 2015 жылғы рубльдiӊ құнсыздануы әсер еттi. Соӊғы бес жылда облыс бюджетiне кәсiпкерлiк субьектiлерден салық түсiмi 29-дан 50 млрд. теӊгеге дейiн өстi",-дедi облыс әкiмi.

Петропавловск. 25 мамыр. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП Президиумыныӊ төрағасы Тимур Құлыбаев Солтүстiк Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын Бескөл ауылындағы "Радуга" ЖШС-дан бастады. Кәсiпорын пластмассадан 200-дей өнiм түрлерiн шығарады. Одан басқа, осында полиэтилендi өӊдеумен, кептiргiш, өтектеу тақталарын жасаумен айналысады.

Компанияныӊ басшысы Дмитрий Шарапаевтыӊ айтуына қарағанда, жаӊа еуропалық технологияны пайдаланудыӊ арқасында жоғары сапалы өнiм шығарылады. Сонымен бiрге 30 пайыздық демеуқаржыныӊ арқасында тез даярланатын салма әзiрлеуге арналған жаӊа зауыт салынды.

"Егер ақшамен есептейтiн болсақ, бiр айда 140 миллион теӊгенiӊ салмасын шығарамыз. Өзiмiзде шығарғанныӊ барлығын сатамыз. Қоймаға жұмыс iстемеймiз. Батыстан басқа, Қазақстан бойынша филиалдарымыз бар, сауда нүктелерi арқылы өнiмдерiмiз Алматы мен Астанада, Шымкентте саудаға шығарылады. Ресейдiӊ Омбы, Екатеринбург, Челябi, Новосибир қалаларына да сатамыз",-дейдi Дмитрий Анатольевич.

Содан кейiн жұмыс сапары аясында Кәсiпкерлер палатасыныӊ филиалында облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ қатысуымен Өӊiрлiк кәсiпкерлер кеӊесiнiӊ отырысы өттi.

Кездесудi ашқан Тимур Құлыбаев "Атамекеннiӊ" басты мiндетi-кәсiпкерлiктiӊ жаппай дамуына қолдау көрсету екенiн атап айтты

"Атамекен" ұлттық палатасы ретiнде 3 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқанымызды сiздер бiлесiздер. Осы үш жыл iшiнде барлық мемлекеттiк органдармен, Үкiметпен, құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасыныӊ Парламентiмен толық мәнiнде диалог өткiзiп үлгердiк. Кәсiпкерлердiӊ өз құқықтарын қорғау мүмкiндiгiн иеленуi, мемлекеттен қолдау алу, аумақта мемлекеттiк органдардан қажеттi рұқсатты алу үшiн өӊiрлiк деӊгейде диалог жасадық. Сол арқылы тиiмдi жұмыс iстеуге, жұмыс орындарын ашуға, кәсiпкерлiктi дамытуға ұмтылудамыз",-дедi Тимур Құлыбаев.

Өз сөзiнде "Атамекен" ҰКП Президиумыныӊ төрағасы Тимур Құлыбаев "Өӊiрлiк даму картасына" ерекше назар аударды. Тимур Құлыбаев оны жүзеге асыру кезiнде облыстыӊ әлеуетiн есепке алу керектiгiн атап айтты.

"Қалай көмектесетiндiгiмiздi бiлу үшiн, әр кәсiпорынмен жұмыс iстеуiмiз керек. Егер кәсiпорын жаӊғыруға бет алса, техникалық негiздемесiне, инфрақұрылым жасауына көмектесуiмiз керек. 2017 жылы iске қосылатын жобаларды мен Картадан қарадым. Ирине, бiз бұл тiзiмдi кеӊейте аламыз. Еӊ негiзгiсi ол жобалар мұқият әзiрленген болуы тиiс, бұл нысанға инфрақұрылым тартуға болатындығын әкiмдiктер бiлуге тиiс, яғн әкiмдiктер қолдайтын нақты жобалар болуы керек. Сонда бiз өӊiрдiӊ өзiндiк ерекшелiгiн,облыстыӊ кадрлық әлеуетiн ескере келiп, Өӊiрлiк даму картасын орталық органдардыӊ, қаржылық құрылымдардыӊ алдында қорғайтын боламыз",-дедi Тимур Құлыбаев.

Солтүстiк Қазақстан облысындағы кәсiпкерлiктi қолдаудыӊ перспективалы бағыттары туралы өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасыныӊ директоры Тұрар Ысқақов айтып бердi.

"2016 жылы Палата мен оныӊ филиалдарына кәсiпкерлерден 3,5 мыӊнан астам өтiнiш түстi, оныӊ 312-сi-бизнестi қорғау желiсi бойынша, оныӊ 264-i нәтижелi шешiлдi. Сомасы 364 млн. теӊгеден астам бизнестiӊ мүддесi қорғалды.

2017 жылдыӊ 1-тоқсанында 88 өтiнiш түсiп, сомасы 81,1 млн. теӊге болатын 54 өтiнiш нәтижелi шешiмiн тапты",-дедi Тұрар Ысқақов.

Одан кейiн сөз сөйлеген облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өӊiрде шағын және орта бизнестiӊ 28 мыӊнан астам кәсiпкерлiк субьектiсi жұмыс iстеп жатқандығын, онда 100 мыӊнан астам адам еӊбек ететiндiгiн алға тартты.

"Соӊғы бес жылда өнiм шығару 269 млрд. теӊгеден 385 млрд. теӊгеге дейiн өстi. Алайда шағын және орта бизнестiӊ өӊiрлiк жалпы өнiмдегi үлесi 25 пайыздан 24 пайызға дейiн азайды. Оған 2015 жылғы рубльдiӊ құнсыздануы әсер еттi. Соӊғы бес жылда облыс бюджетiне кәсiпкерлiк субьектiлерден салық түсiмi 29-дан 50 млрд. теӊгеге дейiн өстi",-дедi облыс әкiмi.

Өӊiр басшысы iскерлiк ахуалды зерттеудiӊ қорытындысы бойынша, СҚО 2015 жылы 15-орында болса, 2016 жылы 16-орынға түскенiн, мұндай көрсеткiш жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан аталмыш мәселенi түбегейлi қайта қарауы қажеттiгiн атап айтты.

Кәсiпкерлерге жүргiзiлген сауалнама дерегi бойынша, ауылдық жерлерде жер учаскелерiн алу, қаржы қорларына қол жеткiзу, жылу және электр желiлерiне қосылу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қиындық туғызатындығын көрсеттi. Құжаттарды қарау мерзiмiнiӊ ұзақтығы мен бюрократизм терiс бағалануда.

Облыс әкiмi проблемалы сәттердi шешу үшiн қолданылған шараларды атап айтты. Ол, бiрiншi кезекте, бос жер учаскелерi туралы ашық ақпаратты қамтамасыз ету және оларды саудаға шығару. Сонымен бiрге ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен микроқаржылық ұйымдар арқылы Құнарлы жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге қаржылық құралдарды бағыттау жоспарлануда.

"Өӊiрде бизнеспен тура диалогты қамтамасыз ету үшiн инвесторларға "investinsko"бiрыӊғай порталы әзiрленген, оған бос қуаттылықтар мен коммуникацияларға қосылудыӊ ықтимал нүктелерi туралы толық ақпараттар орналастырылатын болады. Портал аясында менiӊ блогым ашылады, сол арқылы кәсiпкерлердiӊ өтiнiшiн бiлiп, iскерлiк ахуалды жақсарту үшiн жағдайды бақылап отыратын боламын",-дедi өӊiр басшысы.

Кеӊес барысында өӊiрдегi кәсiпкерлiктi дамыту, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құрудыӊ маӊыздылығы, ауыл шаруашылығын дамыту және бизнес субъектiнiӊ басқа да мәселелерi жан-жақты талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны