06.09.2006, 18:28 3150

ТиссенКрупп Қазақстанға теміржол транспортына арнап бөлшектер кешені өндірісін құруға қолдау көрсетпекші

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Германияның "ТиссенКрупп" компаниясы Қазақстанға теміржол транспортына арнап бөлшектер кешені өндірісін құруға қолдау көрсетпекші. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Қазына" қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп клеммалардан бастап шпалдар мен шойын жолдарға дейін осындай өнімдерді кең көлемді өндіру мүмкіндігі талқылануда",- деді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, "компания сонымен бірге жоғары жылдамдықты темір жол салу жөнінде де қызғылықты ұсыныс жасап отыр". "ТиссенКрупп қазір Шанхайда жоғары жылдамдықты темір жол салуда. Ондағы жылдамдық сағатына 400-500 шақырымға жетеді. Алматы мен Астананың ортасында да осындай жол салу ұсынылып отыр. Ийтсе де қазір бұл мәселе талқыланып жатыр",- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, тараптар Қазақстан нарығындағы теміржол транспортына арналған бөлшектер кешеніне деген жақын 5 жылдағы сұранысты жан-жақты талдауға келісті.

Сонымен бірге қазақстандық өкілдер жуырда осы бағытта одан әрі келіссөздер жүргізу үшін Германияға бармақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны