14.07.2020, 10:22 3594

Өткен жылыту кезеңі үшін Павлодар облысының тұтынушыларына 28 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылатын болады

Өткен жылыту кезеңі үшін Павлодар облысының тұтынушыларына 28 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылатын болады

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Өткен жылыту кезеңі үшін Павлодар облысының тұтынушыларына 28 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылатын болады.

"Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңында жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеуді тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен жүргізу міндеті көзделген.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, 2019-2020 жж. жылыту маусымының қорытындылары бойынша орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметін пайдаланатын және жылуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұтынушыларға қайтаруға жататын сома Павлодар облысы бойынша 28 629 400 теңгені құрады, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша "Павлодарэнергосбыт" ЖШС бойынша ҚҚС-сыз 10 125 860 теңге.

Қайта есептеу ҚР Ұлттық экономика министрінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 10-тарауына енгізілген сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Қайта есептеу негізіне ауданның бір шаршы метрін жылыту үшін қажетті жылу энергиясы көлемінің сырттағы ауа температурасына тәуелділігі салынған. Ақшаны қайтару сомасы тарифтің отын құрамына, яғни 1 Гкал жылу энергиясының көмір құнына байланысты.

Егер Павлодар қаласы бойынша жылыту маусымы үшін орташа айлық температураның есептік параметрлері -6оС құраса, гидрометеорология орталығының деректері бойынша сырттағы ауаның нақты температурасы -4,03оС жылыту маусымы үшін пәтердің 1 шаршы метр ауданын жылытуға арналған жылу энергиясының нақты меншікті шығысы 0,1723 Гкал, нормативтік 0,18 Гкал болғанда 0,1723 Гкал құрады, Павлодар қаласында жылыту кезеңінің нормативтік ұзақтығы 220 тәулікті, іс жүзінде 198 күнді құрайды. 2018-2019 жж. жылыту кезеңінде сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылытылатын алаңның 1 ш. м. құнын қайтару ҚҚС есебімен 5,9161 тг/ м2 құрайды. Мысалы, ауданы 50 ш. м. 2 бөлмелі пәтердегі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылыту бойынша қайта есептеу (қаражатты қайтару) 295,8 теңге (50 ш. м. * 5,9161).

Осы есептеу тұтынушының тұрғын үй алаңына байланысты "қайта есептеу" деген сөзді көрсете отырып, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылармен 2019-2020 жылдарға арналған жылыту үшін кейінгі есеп айырысу кезінде бірыңғай төлем құжатында көрсетіледі.

Сол сияқты жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін басқа субъектілердің тұтынушыларға қайтару сомасы есептелді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны