Система Orphus

ТМД-да сейсмикаға төзімді құрылыстағы бірыңғай нормалар пайда болады

18.11.2019, 18:32 44092

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - ТМД-да сейсмикаға төзімді құрылыстағы бірыңғай нормалар пайда болады.

Алматы қаласында 14 қараша күні өткен ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйымының бірінші отырысында үйлестіру үдерісінің шеңберінде талдау үшін басым бағыттары анықталды.

Іс-шараға Қазақстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Арменияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және басқа да ТМД елдерінің құрылыс саласындағы бейіндік министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы сарапшылар қатысты.

Отырыстың барысында "Сейсмикалық аудандардағы құрылыс" ТМД елдері үшін бірыңғай нормативтерді әзірлеу тәсілдері талқыланды.

Сондай-ақ ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы бойынша нормативтік құжаттардың бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы күштерді біріктіру және кадрлық әлеуетті көтеру мақсатында ТМД елдерінің танымал, қатынасушы ғалымдары мен мамандарының арасынан ғылыми кеңес құрылды.

"Жыл сайын әлемде сейсмикалық қауіпті аудандардың саны ұлғаюда. Қазіргі уақытта Қазақстанның 40%-дан астам аумағы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатқызылады. Біз, ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормативтерді үйлестіру шешімі тарихи маңызды және ақталған деп санаймыз. Бірлесіп күш салудың арқасында біз ТЖ болжауға және апатты қираудың алдын алуға көмектесетін, сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы тәжірибені сақтай отырып, оны арттыра аламыз",- деп Қазақ құрылыс және ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) бас директоры Бегман Кульбаев сенімін білдірді.

2019 жылдың маусым айында Қазақ құрылыс және ғылыми-зерттеу және жобалау институтына ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйымы мәртебесі берілгенін еске саламыз.

Институттың құрылыс мәселелерін, оның ішінде сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақтарда шешу саласында 88-жылдық тәжірибесі бар, сондай-ақ құрылыс материалдарының сынауларын жүргізу үшін эксперименталдық базасы бар.

Қазіргі уақытта ТМД елдерінде әр түрлі салаларда 82 базалық ұйым әрекет етеді. Олардың ішінде: экономикалық салада - 29; қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында - 20; гуманитарлық салада - 33.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны