26.12.2013, 19:32 2919

ТМРА басшысы: ШОБ субъектілерінен монополистердің кез келген бас тартуы олардың заңдылығын қайта тексереді

"Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін оларды жеке топқа бөле отырып тарифті төмендету мәселесін қарауымыз қажет - деді ол.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін үстіміздегі жылдың алдын ала қорытындысы қаралған алқа барысында Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов аумақтық департаменттер басшыларынан шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жүргізілген жұмыстан тыс қалмауды талап етті, деп ТМРА баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ ТМРА басшысы оларға қуаттылығы аз субъектілердің қызметіне тексерулер санын барынша қысқартуды, тексерулер жүргізбестен тұтынушылар мен монополистер арасындағы шиеленісті жағдайды шешу мүмкіндігін көздеп, жоспардан тыс тексерулерді белгілеу практикасын қатайтуды тапсырды.

"Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін оларды жеке топқа бөле отырып тарифті төмендету мәселесін қарауымыз қажет", - деді ол.

Монополистік қызмет бүкіл кәсіпкерліктің мүдделерін тікелей қозғайтындығын және қызмет берушілердің тарапынан олардың құқықтарын бұзу жедел ден қоюды талап ететіндігін түсінген жөн.

Осыған байланысты табиғи монополия қызметіне уақтылы қосуға бақылауды күшейту тапсырылды. "Шағын және орта бизнес субъектілеріне техникалық шарттар беруге немесе қосымша қуаттарға қосылуларына кез келген бас тартуды олардың негізділігі мен заңдылығы мәніне мұқият қайта тексеру қажет", - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа Агенттік төрағасы электрмен жабдықтаудың қолданыстағы жүйелерінің бірқатар проблемалық мәселелерін атап өтті. Бұл энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың олардың іс жүзіндегі шығындарымен келісілген елеулі айырмашылықтары фактілері, ол 2012 жылы 3 млрд. теңгеден астам негізсіз табыс алуға алып келді.

Сондықтан аумақтық департаменттер басшыларына энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың баға белгілеуін тәртіпке келтіру және бір айлық мерзімде тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу тапсырылды.

Кеңесте сонымен қатар реттелетін нарық субъектілерінің қызметін лицензиялау және бақылау мәселелері, 2013 жылға арналған инфляцияға реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлесі және 2014 жылға болжанып отырған үлесі, облыстар бөлінісінде жылудың үйге ортақ есептеу аспаптарын орнату серпіні, сондай-ақ жылу желілерін жаңғыртудың кешенді жоспарының жобасы қаралды.

Соңында, Мұрат Оспанов Индустрияландыру картасының объектілерін іске қосу бойынша жақындағы жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны