11.03.2008, 15:45 3300

ТМРА энергия өндіретін кәсіпорындардың тарифтерді көтергенін анықтады

ТМРА энергия өндіретін кәсіпорындардың тарифтерді көтергенін анықтады

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі энергия өндіретін кәсіпорындардың тарифтерді көтергенін анықтады . Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы Нұрлан Алдабергенов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Агенттік жылу және электр қуатын өндіретін 15 стансаның бағаларын тексеру нәтижесінде электр қуаты құны деңгейінің көтерілгендігін анықтады ", - деді Н. Алдабергенов.

ТМРА басшысы айтқанындай, МАЭК "Қазатомпром", "Қызылорда жылуэлектрорталығы" (ТЭЦ-6) және "Астана-Энергия" кәсіпорындары тарапынан тарифтер көтерілді. "Қазатомпром" МАЭК өндіретін қуат көздері үшін КВт-қа 5,2 теңгені бекіткен. Тексеру нәтижелерінде анықталғанындай, оның шығындық негіздемесінің деңгейі 50 теңгеге көтерілген Ал іс жүзінде КВт өндірісі 4,7 теңгені құраған", - деп түсіндірді Н. Алдабергенов.

Оның сөздері бойынша тура осындай жағдай "Қызылорда жылуэлектрорталығы" кәсіпорынында да орын алып, қолданылып отырған тариф деңгейі 3,2 теңгеге көтерілген. Ал негіздемелік төлемақысы 2,7 теңгені құраған. "Астана-Энергияда КВт қолданылып отырған және негіздемелік тариф арасындағы айырмашылық 40 теңгені құраған. Ал бекітілген тариф көлемі 2,1 теңгені құрап, шын мәніндегі өндіру бағасы 1,7 теңге мөлшерінде болған", - деп атап өтті ол.

"Бұл тексерулердің материалдары бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне тәртіп бұзушылықтарды анықтауға қатысты шараларды қолдану үшін тапсырылды ", - деп ойын жалғастырды Н. Алдабергенов.

Сонымен қатар, ТМРА басшысының пікірінше, электр қуатын өндірушілері мен электр қуатымен қамтамасыз ету ұйымдарының ортасындағы делдалдардың жоқтығына қарамастан, биылғы жылы электр қуаты бағасының 15,5 % дейін көтерілуін тіркеуге мүмкіндік болады. "Делдалдар стансадан алынып отырған электр қуатының құнына 0,2 ден 2,2 теңгені қосады", -деді ол.

"Сонымен қатар, электр желілерін қосымша қуаттарға қосып дамыту қаржы көздерінің бірі болып табылады. Мәселен, кейбір кәсіпорындардың қосымша қуат көздеріне қосылудың қаржы бөлігі жылдық тарифтік табыс көлеміне сәйкес келеді. "АПК"АҚ жылдық табыс көлемі 7 млрд теңгені құрайды", - деп жалғастырды өз ойын Н. Алдабергенов. "Бұл тұтынушылар үшін тарифтерді көтерудің балама көзі болып отыр ", - деп есептейді ТМРА басшысы.

"Қосымша қуат көздеріне қосылудың тарифтерін бекіту үшін, электр желілерін дамытудың жоспары болуы шарт. Бүгінгі күні республикадағы жеті аймақ бойынша (Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары) мұндай жоспарлар бекітілді. Сонымен қатар қуат көздеріне қосылудың баға мөлшері де бекітілді", - деді ТМРА басшысы.

"Алайда басқа аймақтарда, электр желілерін дамыту жоспарының жоқтығынан қуат көздеріне қосылудың бағасы да бекітілмеген. Ал жылу желілерін дамыту жоспары кейбір аймақтарда мүлдем жоқ ", -деп қорытындылады Н. Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны