17.03.2014, 19:59 2928

ТМРА қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін заң жобасын әзірледі

Табиғи монополияларды реттеу агентігі тарифті құрудың ашықтығы, реттелетін қызметтердің сапасы мен қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайтын заң жобасын әзірледі, деп бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Агенттіктің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Табиғи монополияларды реттеу агентігі тарифті құрудың ашықтығы, реттелетін қызметтердің сапасы мен қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайтын заң жобасын әзірледі, деп бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Агенттіктің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Ведомство басшысы заң жобасының басты бағыттарын атап өтті.

"Біріншіден - жария тыңдаулар мен жыл сайынғы монополдистердің есеп беруіне, сонымен қатар, электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша бағаның өзгеруіне орай өтетін жария тыңдауларға қатаң талаптар қою. Екіншіден - монополистер сатып алатын қызметтер, жұмыстар, тауарлар бағаларының жүйеленген тізімі бойынша сатып алу ашықтығын арттыру", - деді М. Оспанов.

Заңжобасының үшінші бағыты - реттелетін нарық және табиғи монополиялар субъектілеріне алдын-ала төлемақы алуға тыйым салу.

"Төртіншісі - қызметті қосу кезінде монополистер келтіретін кедергілерді жою. Ол үшін монополистерге веб-сайтта желілер мен жабдықтар жұмысының шамадан тыс көптігі, қуаттардың болуы және косымша міндеттерді енгізу ұсынылады", - деп ТМРА төрағасы толықтырды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы агенттік өз алдына қоғамның тарифтік процестегі рөлін күшейту, инфляцияға үлес шеңберіндегі әділ тарифтерді белгілеу, бақылауды күшейту және ындаландырып реттеу әдістерін пайдалану сынды міндеттерді қойып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны