04.02.2021, 21:04 19255

Тоқаев үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған барлық жаңа заңнамалық бастамалар әбден пысықталуы тиіс.

Нұр-Сұлтан. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері, Президент Жолдауында қаржы саласына қатысты айтылған тапсырмаларының орындалу барысы, ведомствоның алдағы негізгі міндеттер туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру, сатып алу мен мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіру туралы айтты.

Мемлекет басшысы үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға және сапалы әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев салық-кеден әкімшілігін цифрландыру жұмысын толық ойластырып, белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған барлық жаңа заңнамалық бастамалар әбден пысықталуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудиторлық қызмет тиімді болуы қажет және ресми органдардың негізсіз бюджеттік шығындарын анықтап, оның алдын алу шараларына баса мән беруі керек деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны