15.05.2008, 14:07 1586

"Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы неміс компанияларының өкілдерімен кездесті

"Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы неміс компанияларының өкілдерімен кездесті

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы 6-7 мамырда Берлинде ірі неміс компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазақ делегациясының сапары қазақ-герман экономикалық форумы аясында өтіп, оны Германияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі мен Дойче Банк ұйымдастырды.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, "Тобыл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бірнеше тиімді жобаларды ұсынды. Оларды жүзеге асыру үшін Солтүстік Қазақстанға инвестиция салуға мүмкіндігі бар және салалар бойынша тәжірибесі сол сенімді серіктер қажет.

" "Тобыл" ИКК өткізген кездесулер нәтижесінде, олар немістің ірі компанияларымен бірнеше келісімдерге қол жеткізді", -деп айтылған хабарламада.

Мәселен, Big Dutchman компаниясының өкілі Виктор Галлер біздің аумаққа ауылшаруашылық құрал жабдықтарды тасымалдауға ниет танытты. Big Dutchman компаниясы болашақта биоотынды шығаратын құрал жабдықтарды шығаруды жоспарлап отыр. Компания бұдан бұрын да Қазақстанда бірнеше жобаны жүзеге асырған.

Тағы да бір Biotech United неміс компаниясы биоэтанол шығаратын зауыттарда, етті өңдеу зауыттарында құрал- жабдықтарды орнатумен айналысады, сондай-ақ олар 30 мың мал басына арналған ферма құрылысына және жүгері өсіру үшін жерді өңдеуге қосымша қаржы салатын болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ EMF GmbH компаниясы тамақ өнеркәсібіне арналған кез-келген құрал -жабдықтарды жеткізуді ұсынды. Компания өндіріс технологиясы туралы мәліметтермен бөлісіп, қызметкерлерді оқытуға дайын . Сонымен қатар, бұл компаниямен ынтымақтастық орнату арқасында өнімдерді шығаратын ЕО сертификатын алуға мүмкіндік болады, деп хабарлайды "Тобыл" ИКК баспасөз қызметі.

"Тобыл" ИКК ақпараты бойынша, құрамына 330 трансұлттық салалық компаниялары кіретін Шығыс Орталық Еуропалық одақтың ынтымақтастық жөніндегі жасаған ұсынысы ең маңызды болды. Одақ өзінің байланыс тұғырнамасын ұсынды. Сондай-ақ, одақ "Тобыл" ИКК топқа кіруді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны