27.08.2007, 18:08 2908

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы нормаларға сай келмеуге байланысты "Agip KCO" компаниясының мұнай және газ өңдеу қондырғысын пайдалануды тоқтата тұруды талап етеді

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы нормаларға сай келмеуге байланысты "Agip KCO"("Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.") компаниясының жаңадан салынып жатқан нысаны - мұнай және газды кешенді өңдеу қондырғысын пайдалануды тоқтата тұруды талап етеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы нормаларға сай келмеуге байланысты "Agip KCO"("Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.") компаниясының жаңадан салынып жатқан нысаны - мұнай және газды кешенді өңдеу қондырғысын пайдалануды тоқтата тұруды талап етеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы күрес қызметі комитетінің төрағасы Сергей Дырин бүгін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы күрес қызметі комитеті тарапынан "Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясындағы нысандардың өртке қарсы ахуалын тексеру нәтижесі бойынша Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түзетуге келмейтіндей жағдайда өрескел бұзу оқиғаларын анықтады. Бұл Атырау облысының Мақат ауданында орналасқан, жаңадан салынып жатқан "Мұнай мен газды кешенді өңдеу қондырғысы" нысанындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын сот тәртібімен тоқтата тұруға негіз болып табылады",- деді С.Дырин.

Оның нақтылауынша, "басты талап - нысанның толық келісілмеуі". "Нысан құрылысының жобалық құжаттамалары өрт қауіпсіздігі бойынша берілген ескертуге сәйкес толық көлемде сараптамалық тексеруден өтпеген, бұл құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтатуға сөзсіз негіз болып табылады", - деді ол. С. Дырин сонымен бірге "нысандағы құрылыс жұмыстары басталғаннан бері үш өрт оқиғасы тіркелген, олардың шығуына электр жабдықтарды пайдалану мен кабельді монтаждау барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу басты себеп болған".

Жалпы алғанда, министрлік ақпаратына сәйкес, 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін "Agip KCO" компаниясы мен оның мердігерлік ұйымдарының 18 жауапты тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұған қоса С. Дыриннің айтуынша, "Agip KCO" компаниясын заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде хаттама қозғалған. "Мұндай шаралар компанияның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлеріне қатысты қолданылған", - деді ол.

"Біз аталмыш нысанның құрылысын тоқтатуды талап етеміз және жұмыстар біздің барлық талаптарымыз орындалмайынша тоқтатыла тұруға тиіс деп санаймыз", - деп хабарлады комитет төрағасы. "Пайдалануды тоқтата тұру мерзімі компанияның өзіне байланысты", -деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны