08.02.2010, 12:55 1770

Toyota АҚШ-тан Toyota Prius автокөлігінің соңғы үлгісін шақырып алмақшы

Toyota АҚШ-тан Toyota Prius автокөлігінің соңғы үлгісін шақырып алмақшы

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Toyota АҚШ-тан Toyota Prius автокөлігінің соңғы үлгісін шақырып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Синьхуа" ақпаратына сәйкес, Toyota тежегішіндегі ақауларға байланысты АҚШ-тан Toyota Prius автокөлігінің соңғы үлгісін шақырып алмақшы, ал өткен аптада Toyota осы үлгідегі автокөліктерді Жапониядан шақырып алған болатын.

Бұдан бұрын да хабарланғанындай, Токио биржасында өткен аптаның ортасында Toyota акцияларының құны 10 айдағы ең төменгі көрсеткішке дейін төмендеді, оған компания автокөліктерінің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық себеп болған.

Toyota газ педаліне байланысты 8 млн астам автокөлікті кері шақырып алды. Талдаушылар бұл компанияға 2 млрд долларға түседі деп болжайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны