06.04.2015, 17:08 4124

Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау Комитетініӊ алғашқы отырысы өтті

Бұл күні алдымен бизнесті трансформациялау Бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі Комитеттіӊ алғашқы отырысы өткізілді. Оған Қор компаниялары тобындағы Бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты негізгі еншілес компаниялардыӊ жетекшілері шақырылған.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Сәуірдіӊ 3-і күні "Самұрық-Қазына" АҚ директорлары Кеӊесініӊ кезекті отырысы өтіп, компаниялар тобындағы трансформация Бағдарламасыныӊ барысы туралы есеп қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл күні алдымен бизнесті трансформациялау Бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі Комитеттіӊ алғашқы отырысы өткізілді. Оған Қор компаниялары тобындағы Бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты негізгі еншілес компаниялардыӊ жетекшілері шақырылған.

Комитет отырысында Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы есеп тыӊдалып, ұлттық компаниялардыӊ жетекшілеріне жүктелген тапсырманы орындау тәртібі мен әрекеттіӊ үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Қазір "Самұрық-Қазына" тобындағы компаниялар негізгі қызметіндегі бизнес-процестерді қайта қарап (реинжиниринг), корпоративтік басқару, мемлекеттік органдармен әрекеттестік және т.б. процестерді жіті саралап жатыр.

Сондай-ақ, отырыста компаниялар тобы жұмысыныӊ жалпы жинақталған нәтижесі, ірі инвестициялық жобалар, салалық бастамалар мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қаралды.

"Самұрық-Қазына" АҚ басшылығы компанияныӊ директорлар Кеӊесіне Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі арасында жасалған өзара әрекеттестік жөніндегі Келісімді жүзеге асыру барысын баяндады.

Қор мен еншілес компаниялардыӊ ағымдағы және капиталдық шығындарын азайту қамында қабылданған шараларды ескере отырып, директорлар Кеӊесі "Самұрық-Қазына" АҚ даму жоспарына енгізілген түзетулерді бекітіп берді.

Өзге де бірқатар өзекті мәселер қаралып, директорлар Кеӊесі оларға қатысты нақты шешімдер қабылдады.

"Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік коммуникациялар бөлімі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны