05.07.2026, 20:43 48146

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалының көлемі 3,5 есеге артты

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалының көлемі 3,5 есеге артты
Сурет: Depositphotos
Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалының көлемі 3,5 есеге артқан, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі нің баспасөз қызметінен.

"Су көлігі саласын дамыту – Қазақстанның көлік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Жүк тасымалы көлемінің артуы теңіз инфрақұрылымын кешенді дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Мәселен, Ақтау портында қайта тиеу жабдықтары жаңғыртылып, контейнерлік хаб салынды. Құрық портында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, қосымша терминалдар салынды. Тасымалдау үдерісін цифрландыру мақсатында жүктердің қозғалысын онлайн режимде бақылауға және "бір терезе" қағидаты бойынша шарттар жасасуға мүмкіндік беретін IT-платформа ашылды", деп көрсетілген хабарламада.


2029 жылға қарай Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымал көлемін 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда ішкі су көлігін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Пайдаланудан шығарылмай үш кеме жүретін шлюзге күрделі жөндеу жүргізілуде, сондай-ақ шлюздерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Шығыс Қазақстан облысында өзен туризмін дамыту және Іле өзені арқылы Қазақстан мен Қытай арасында халықаралық өзен бағытын құру жобалары іске асырылуда. Айта кету керек, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде еліміздің ішкі су жолдарында өзен кемелеріндегі апаттық жағдайлар нөлдік деңгейде сақталып отыр.

Бүгінде су көлігі саласында 14 мыңнан астам маман еңбек етуде. Қызметкерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығының арқасында су көлігі саласы дамып, тасымалдардың сапасы мен қауіпсіздігі артып, Қазақстанның халықаралық көлік байланыстары нығаюда, деп атап өтті министрліктен.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны