10.02.2016, 14:03 3880

Транстелеком Астана ЭКСПО-2017 ресми серіктесі атанды

Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы АҚ және "Транстелеком" АҚ серіктестік меморандуына қол қойды. Ендігі "Транстелеком" компаниясы - "Көрме серіктесі" мәртебесіне ие

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы АҚ және "Транстелеком" АҚ серіктестік меморандуына қол қойды. Ендігі "Транстелеком" компаниясы - "Көрме серіктесі" мәртебесіне ие, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Транстелеком" - еліміздіӊ ірі ІТ және байланыс операторларыныӊ бірі. Ол телекоммуникация, ақпараттық коммуникация саласында кеӊ ауқымды қызмет көрсете алатын бірегей компания, сондай-ақ ІТ интегратор болып табылады.

"Қазақстандық компанияныӊ инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асырып жатқандығын көру көӊіл қуантады. Транстелекомніӊ ауқымды филиалдық жүйесі бар, бұл бүкіл Қазақстан көлемінде ЭКСПО көрмесін кеӊ тарауына ықпал етеді. Сондықтан біздіӊ жобамызға Транстелеком сынды алдыӊғы қатарлы компаниялардыӊ қатысуы еліміздіӊ болашаққа деген сенімін нығайтып, Елбасы тапсырмасыныӊ орындалуын қамтамасыз етеді" - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

"Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесініӊ ресми "ІТ серіктесі" болу "Транстелеком" үшін үлкен мәртебе. Илбетте, ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін маӊызды шаралардыӊ бірі. Бүгінгі таӊда "Транстелеком" АҚ "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде. Біз іс-шараныӊ мәні мен маӊызы түсіне отырып, оған үлкен жауапкершілікпен қараймыз", - деді компания Президенті Дәурен Пішембаев.

Алдағы уақытта "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы "Транстелеком" АҚ халықаралық көрмені өткізу бағытында бірлескен іс-шаралар өткізетін болады.

Сондай-ақ, "Транстелеком" АҚ ЭКСПО-2017 көрмесі барысында "Ұйымдастырушылар кеӊсесін" телефония мен интернетпен қамтамасыз етіп, шетелдік қатысушылар үшін VPN қолжетімділігін техникалық тұрғыдан жағдай жасап, көрме қонақтарына бүкіл көрме өтетін кезеӊ барысында интернет желісін ұсынатын болды.

Айта кету керек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардыӊ қатарында: NCOC, Shell, Samsung, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Самрұқ Энерго" АҚ, "Қазпочта" АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны