11.02.2015, 14:07 3820

ТШО- ны кеӊейту жобасы бойынша шешім 2015 жылдыӊ соӊына дейін қабылдануы керек - Школьник

ТШО- ны кеӊейту жобасы бойынша шешім 2015 жылдыӊ соӊына дейін қабылдануы керек, деді Елбасыныӊ төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - ТШО- ны кеӊейту жобасы бойынша шешім 2015 жылдыӊ соӊына дейін қабылдануы керек, деді Елбасыныӊ төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Осы жылы 26 млн 700 мыӊ мұнай өндіру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы ТШО-ны кеӊейту бойынша шешім қабылдануы тиіс. Кеӊейтуге енген жаӊа нысандардыӊ тапсырылуы 2021 жылға созылды. Бұл бізге мұнай өндіруді 38 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, 20 мыӊ жұмыс орнын қамтамасыз етеді", - деді министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Қашағандағы жаӊартылған коммерциялық мұнайдыӊ өндірілуі 2016 жылдыӊ екінші жартысында басталады.

"2014 жылы сұйық көмірсутекті өндіру 11 млн тоннаны құрады, газ 17 млрд текше метрді құрады, 105 пайыз жоспардан көбейтілді. Бүгінгі таӊда кен орнын одан әрі дамытудыӊ тұжырымдамасы әзірленуде", - деді В.Школьник.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны