23.02.2015, 12:57 3651

ТШО-ныӊ келешектегі кеӊею жобаларын қаржыландыру шешімі 2015 жылдыӊ соӊына дейін қабылданады

ТШО-ныӊ келешектегі кеӊею жобаларын қаржыландыру шешімі 2015 жылдыӊ соӊына дейін қабылданады, деді ОКҚ брифингінде Энергетика министрі Владимир Школьник

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ТШО-ныӊ келешектегі кеӊею жобаларын қаржыландыру шешімі 2015 жылдыӊ соӊына дейін қабылданады, деді ОКҚ брифингінде Энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі таӊда ТШО Ұӊғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) және Келешек кеӊею жобалары (ККЖ) шеӊберінде өндірісті бұдан әрі дамытуды жоспарлап отыр. ҰЕҚБЖ шеӊберінде ұӊғыма өнімдерін жинақтаудыӊ жаӊа жүйесін, қысымы жоғары нысандарды, инфрақұрылымдық және қосалқы нысандарды салу жоспарланып отыр", - деді В.Школьник, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"ККЖ шеӊберінде Теӊіз кен орнында қуаттылығы жылына 12 млн. тоннаны құрайтын мұнай өӊдейтін жаӊа зауыт және қуаттылығы жылына 9,4 млрд. м/куб. болатын шикі газды кері айдайтын нысандарды салу жоспарланып отыр. Жобаныӊ іске асуы ТШО-ныӊ жылдық мұнай өндіру көлемін 26,5 млн.тоннадан 38,6 млн. тоннаға арттырады", - деді ол.

Жоғарыда аталған жоспарлар шеӊберінде 20 мыӊ жұмыс орнын ашу, кадрларды даярлау және оқыту шаралары қарастырылған.

"Жобалаудыӊ эскизді қорытындысы бойынша ТШО серіктестіктерге жобаныӊ жүзеге асыратын сметасы мен кестесін ұсынды. 2014 жылдыӊ қарашасында жаӊарған ақпарат бойынша жобаныӊ құны 38 млрд доллар болмақ", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны