24.02.2016, 16:05 4373

ТҮҚЖБ-ға инвестор тарту туралы шешім жыл соӊына дейін қабылданады

Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық инвестор тартуға қатысты шешім шамамен осы жылдыӊ соӊына дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық инвестор тартуға қатысты шешім шамамен осы жылдыӊ соӊына дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

"Бүгінде қандай да инвесторлар туралы нақты сөз қозғалып отырған жоқ. Осы жылдыӊ ортасына дейін бұл мәселе әлі талқыланады. Бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Жыл соӊына қарай, бәлкім, бір шешім қабылданып қалар. Изірге тек дайындық кезеӊі жүріп жатыр", - деді ол, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

Оныӊ айтуынша, аталған мәселе қазір талқылану үстінде, алайда банкпен ынтымақтасуға ниет білдірген нақты бір инвесторлар әзірше жоқ.

"Бұл банктіӊ емес, еӊ алдымен, Үкімет пен акционердіӊ құзыретіндегі мәселе", - деп нақтылады басқарма төрағасы.

Сондай-ақ А.Жұмағұлов банкпен серіктестік орнататын инвесторлар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде, қаржы жүйесінде үлкен тәжірибесі бар және қаржы мүмкіндігі үлкен стратегиялық инвестор болуы керектігін атап өтті.

Бұған қоса, ол банкке жаӊа акционердіӊ тартылуы клиенттердіӊ салымына еш әсерін тигізбейтінін баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны