07.10.2016, 11:20 4644

Түлкібас ауданында апорт алмасын өсіретін алқаптардыӊ көлемі 200 гектарға жетті

Еске салайық, Түлкібас ауданы кезінде алманыӊ "апорт" сұрыпын өсірумен аты шыққаны белгілі. Өйткені, жемістіӊ бұл сортын өсіру үшін таӊдалып алынған жер алқабы теӊіз деӊгейінен 900 метрден жоғары биіктікте болуы шарт. Ал, Түлкібас ауданы осындай аймақта орналасқан өӊір.

Шымкент. 7 қазан. Kazakhstan Today - Таулы аймақ - Түлкібаста алманыӊ "апорт" сортын өсіріп жүрген шаруашылықтардыӊ саны артып келеді. Бүгінгі таӊда аудан көлемінде апорт алмасын өсіретін алқаптардыӊ көлемі 200 гектарға жетті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Апорт алмасын өсіруді аудандағы "Көктал", "Арша" шаруашылықтары қолға алып, жыл сайын жаӊа баулар отырғызуда. Сатылымда сұранысқа ие апорт алмасын егуге басқа да шаруашылықтар қызығушылық танытып отыр. Жалпылай айтқанда, аудандағы ірілі-ұсақты 20 шақты шаруашылық жеӊсік жеміс түрін баптаумен айналысуда. Дегенмен, бағбандар, әзірге, өнім алған жоқ. Өйткені, жемістіӊ бұл сұрыпы өнімді 7-8 жылдан соӊ береді. Ал түлкібастық апорттардыӊ өсіріліп жатқанына 3 жылдан енді асты.

Айта кетейік, жемісі ірі келетін бір алманыӊ салмағы 500-600 грамға дейін жетеді. Ал түсі алқызыл болып келеді. Бұл сорттыӊ жемісі қыркүйек айында піседі, қаӊтар ақпан айларына дейін еркін сақтауға болады.

Еске салайық, Түлкібас ауданы кезінде алманыӊ "апорт" сұрыпын өсірумен аты шыққаны белгілі. Өйткені, жемістіӊ бұл сортын өсіру үшін таӊдалып алынған жер алқабы теӊіз деӊгейінен 900 метрден жоғары биіктікте болуы шарт. Ал, Түлкібас ауданы осындай аймақта орналасқан өӊір.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны