08.02.2016, 10:39 3635

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 467 мыӊнан аса салымшыға өтемақы төлейді

Өтемақы төленетін салымдардыӊ жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. тенгені құрап отыр, деп хабарлайды "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 467 мыӊнан аса шарт иелеріне, оныӊ ішінде салымында 1 млн. теӊгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өтемақы төленетін салымдардыӊ жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. тенгені құрап отыр, деп хабарлайды "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ баспасөз қызметі.

Бағамдық айырмашылық бюджет қаражаты есебінен және банктіӊ меншікті қаражатынан төленеді.

ҚТҚЖБ баспасөз қызметініӊ хабарлауы бойынша, салым сомасына ешқандай шектеулер қойылмаған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2015 жылдыӊ 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі салымдарға ғана өтемақы төленеді. Ал, мынандай жағдайларда ТҚЖ салымына өтемақы төленбейді:

1. Салым 2015 жылғы 18 тамызға дейін берілген тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары бойынша қамтамасыз етуде тұрған болса;

2. Ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысыныӊ 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, өӊірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған болса;

3. Банктіӊ ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзім аясында қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою (бұдан әрі - келісім) 2016 жылдыӊ 8-ші ақпанынан басталып, 1-ші маусымына дейін жалғасады (соӊғы қабылдау күні - 2016 жылдыӊ 31-ші мамыры).

Өтемақы алу үшін ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімге www.egov.kz (http://egov.kz/services/K10.09/#/declaration/0//) порталында немесе Банктіӊ www.hcsbk.kz (http://compensation.hcsbk.kz/site/Login.aspx) ресми сайтында электронды-санды қолтаӊба арқылы қол қою керек.

Еске сала кетейік, ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларыныӊ жинағын сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды табыстаған болатын. Өткен жылдыӊ соӊында "Бәйтерек" басқарушы Холдингі ҚР Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен әрі Ұлттық Банкпен біріге отырып, өтемақы төлеудіӊ оӊтайлы тетігін әзірлеген еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны