05.09.2018, 20:21 4715

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "әскери өнім" аясында алғашқы займын берді

Алғашқы несие Семей қаласында тұратын әскери қызметшіге берілді. Сержант Қайрат Таныспаев қала орталығынан 8,5 млн теӊгеге үш бөлмелі пәтер сатып алды. Займды ол 14 жыл бойы өтеп отырады, несиеніӊ бір айдағы төлем сомасы 79 416 теӊгені құрайды

Алматы. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алғашқы несие Семей қаласында тұратын әскери қызметшіге берілді. Сержант Қайрат Таныспаев қала орталығынан 8,5 млн теӊгеге үш бөлмелі пәтер сатып алды. Займды ол 14 жыл бойы өтеп отырады, несиеніӊ бір айдағы төлем сомасы 79 416 теӊгені құрайды. Бұл ретте займшыныӊ аталған қаражатты өз қалтасынан төлемейтінін айта кету керек. Несиені Қайрат Таныспаев тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметші ретінде мемлекеттен алатын тұрғын үй төлемдерініӊ есебінен өтейтін болады.

- 2018 жылдыӊ басында әскери қызметшілердіӊ тұрғын үй төлемдерін пайдалану механизмі өзгерді. Бұрын мемлекеттен берілетін бұл ақшаны тек үй жалдауға ғана жұмсай алатын едік. Енді оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа жинай аламыз, жеӊілдетілген займдарды өтеуге де, басқа банктердегі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға да, тіпті, үлестік құрылысқа қатысу үшін де қолдана аламыз. Мен бастапқы жарнаны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинаймын деп шештім, нәтижесінде бүгін қайталама нарықтан өзім таӊдаған, мектеп пен балабақшаныӊ жанынан үй сатып алып отырмын. Екі балам бар, сондықтан үйді қай жерден алатыным маӊызды болды. Искери қызметшілерге арналған арнайы бағдарламаныӊ арқасында жарты жылдыӊ ішінде баспанамныӊ мәселесі шешілді, - дейді Қайрат Таныспаев.

Искери бағдарламаларға қатысушыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта жиналған сома мен таӊдалған тұрғын үйге байланысты займныӊ үш түрі ұсынылады.

Мәселен, үй құныныӊ 5%-ына теӊ бастапқы жарнасы бар әскери қызметші жылдық мөлшерлемесі 7% болатын несиеден үміткер атанады. Бұл жағдайда клиент таӊдаған баспана жаӊа үйлер нарығынан, құрылыс салушы ұсыныстардыӊ бірі болуы тиіс.

20% көлеміндегі бастапқы жарнасы бар әскери қызметші үшін несиеніӊ жылдық мөлшерлемесі 6%-ға дейін төмендейді. Мұнда да үйді құрылыс салушыныӊ өзінен сатып алу керек.

Ал Қайрат Таныспаев секілді баспананы қайталама нарықтан өзім таӊдап аламын деген әскери қызметшіге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитқа 20%-ға теӊ бастапқы жарна жинау керек және жылдық мөлшерлемесі 8% болатын несиеге өтініш беру қажет.

Искери қызметшілерді жеӊілдетілген шарттармен несиелендіру үшін банк өз қаражаты есебінен 74 млрд теӊге бөлді. Аталған сома үміткерлер арасында әділ және ашық бөлістірілуі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арнайы ұпай жүйесін құрды. Оныӊ басты критериі ретінде бағдарламаға қатысушыныӊ әскери қызметте өткізген мерзімі алынды.

Үміткерлердіӊ өтініштері Askeri.baspana.kz порталында қабылданды.

Бір айдыӊ ішінде барлығы 13 мыӊдай өтініш келіп түскен. Қабылданған құжаттардағы ақпараттыӊ қаншалықты рас екенін бөлім командирлері тексерді. Анкеталық мәліметтерді толтырған әскери қызметшілер қолжетімді несие алудан үміткерлер пулына кірді.

- Қазіргі уақытта 4 000-дай адам іріктеліп алынды. Тағы 1000-нан астам үміткердіӊ құжаттары тексеріліп жатыр. Бұл - Ұлттық Ұлан, ҰҚК, Искери прокуратура, Мемлекеттік қорғау қызметтері, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігініӊ қызметшілері. Олардыӊ барлығы Askeri.baspana.kz порталында өтініш берді және басқаларға қарағанда еӊ көп ұпай жинады. Қатысушылардыӊ әскери қызметте өткізген әр толық айына 0,5 ұпайдан берілді. Осылайша біз еӊ ұзақ қызмет атқарып жүрген азаматтарға басымдық беріп отырмыз. Біз Отан қорғаушылардыӊ ертеӊіне сенімді болғанын және зейнетке шыққанға дейін міндетті түрде баспана иесі атанатынын білгенін қалаймыз. Бұған қоса банк осы жылы әскери қызметшілердіӊ займдарын қайта қаржыландыру үшін 24 млрд теӊге бөлді. Бұл қаражат игерілмесе, оны тұрғын үйді несиелендіруге бағыттайтын боламыз. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтіӊ да ойы бізбен бір жерден шығып отыр. Жақында ол "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ штабында болып, әскери қызметшілерге арналған жаӊа өніммен танысқан болатын, - деп түсіндіріп өтті Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Искери қызметші тұрғын үйді несие сомасына қарай өзі іздейтін болады. Несие сомасы үміткерге мемлекеттен берілетін тұрғын үй төлемі негізінде есептеледі. Ал тұрғын үй төлемініӊ көлемі қызмет атқаратын аймақ пен отбасы құрамына байланысты анықталады. Яғни, отбасы неғұрлым үлкен болса, төлем сомасы да соғұрлым жоғары.

Тұрғын үй төлемдерін баспана сатып алу үшін бір рет қана пайдалануға болатындықтан, отбасын құрып үлгермеген немесе әлі ата-ана атанбаған жас әскери қызметшілерге пәтер сатып алуға асықпаған дұрыс. Оныӊ орнына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, тұрғын үй төлемдерін сол жерде жинай берген, ал үй сатып алуға арналған байқауға келесі жылы қатысқан тиімдірек. Искери қызметшініӊ депозитте жинған қаражаты пен тұрғын үй төлемі сомасы үлкен болса, кеӊ пәтер сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны