08.08.2012, 12:38 6081

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша займдардың сыйақы ставкасын төмендетеді

Арнайы "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін банк займдар бойынша сыйақы ставкасын төмендетті. Алдын ала берілетін тұрғын үй займы бойынша 8,5% (жылдық тиімді ставка - 9%); аралық тұрғын үй заемы бойынша 7,5% (жылдық тиімді ставка - 8,4%); "Жеңіл" бағдарламасының аралық тұрғын үй заемы бойынша 8% (жылдық тиімді ставка - 9,3%),- делінген ТҚЖБ хабарламасында.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша займдардың сыйақы ставкасын төмендетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Арнайы "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін банк займдар бойынша сыйақы ставкасын төмендетті. Алдын ала берілетін тұрғын үй займы бойынша 8,5% (жылдық тиімді ставка - 9%); аралық тұрғын үй заемы бойынша 7,5% (жылдық тиімді ставка - 8,4%); "Жеңіл" бағдарламасының аралық тұрғын үй заемы бойынша 8% (жылдық тиімді ставка - 9,3%),- делінген ТҚЖБ хабарламасында.

Аталған сыйақы ставкасы бойынша займдар бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің өтінім беріліп отырған елді мекенде тұрғын үйі болмаған жағдайда ғана беріледі. Немесе бағдарлама қатысушысының меншігіндегі тұрғын үй ауданы отбасы мүшелеріне шаққанда бір адамға 15 шаршы метрден кем болатын болса, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін беріледі.

Шарттардың ішінде - бағдарлама қатысушысы немесе оның отбасы мүшелері бағдарламаға қатысуға өтінім берген елді мекенде соңғы бес жыл ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана қиындату деректері орын алмауы жағдайлары да бар.

Сонымен қатар, жинақтаусыз жедел үй сатып алу үшін банк жылдық сыйақы ставкасы 11% болатын алдын ала тұрғын үй займын беруі мүмкін (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 12,8%).

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинағы келісімі бойынша қажетті ең аз соманы мерзімінен бұрын жинаған кезде де аралық тұрғын үй займы бойынша несие алу мүмкіндігі бар. Осылайша, стандартты аралық тұрғын үй займы бойынша сыйақы ставкасы 8,5% (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 8,6%) құрайды. Аралық тұрғын үй займы бойынша негізгі қарызды қайтаруды үш жылдан аспайтын мерзімге шегеретін, жылдық ставкасы 9,5% болатын "Жеңіл" бағдарламасы қарастырылған (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 11,8%).

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" клиенті өз мүмкіндігіне қарай жинақтау мерзімі мен займның сыйақы ставкасы бойынша ерекшеленетін төрт: "Бастау", "Өркен", "Кемел", "Болашақ" тарифтік бағдарламаның біреуін таңдай алады. Ең төмен сыйақы ставкасы "Болашақ" арнайы жинақтау бағдарламасында қарастырылған - 3,5% (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 3,6%). Тұрғын үй займы бойынша ең жоғарғы сыйақы ставкасы "Бастау" бағдарламасында қарастырылған -5% (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 5,3 %).

Бүгінгі күні "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында филиалдары ашылған. Жалпы, 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдайға қарағанда, республика бойынша тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша 322 мыңнан астам келісім жасалып, бұл келісімдер бойынша салымдар сомасы 98,8 млрд теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны