08.01.2013, 14:29 2980

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4,5 мың пәтер салуға келісімге қол қойды

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жалпы аумағы 270 мың шаршы метр болатын 4 463 пәтерлі 37 нысанның құрылысын жүргізуге келісімге қол қойған.

Алматы. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4,5 мың пәтер салуға келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жалпы аумағы 270 мың шаршы метр болатын 4 463 пәтерлі 37 нысанның құрылысын жүргізуге келісімге қол қойған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2011 жылы қол қойылған келісімдерді ескере отырып, жалпы аумағы 605 мың шаршы метр болатын 9446 пәтерлі 121 үйдің құрылысы жүргізіледі.

258 пул бойынша 12268 салымшыдан пулға қатысуға өтініш қабылданған. "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылы 185 мың шаршы метрдің 2752 пәтері пайдалауға беріледі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны