15.01.2016, 12:57 4669

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымдары бойынша өтемақы төлеу 2016 жылдыӊ шілдесінде басталады - Е.Досаев

Теӊгеніӊ әлсіреуіне байланысты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымдары бойынша өтемақы төлеу екі транш арқылы - жалпы 60,9 млрд теӊге сомамен 2016 жылдыӊ шілдесінде және 2017 жылдыӊ қазанында жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Теӊгеніӊ әлсіреуіне байланысты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымдары бойынша өтемақы төлеу екі транш арқылы - жалпы 60,9 млрд теӊге сомамен 2016 жылдыӊ шілдесінде және 2017 жылдыӊ қазанында жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Төлемдер 2016 жылдыӊ шілдесінде және 2017 жылдыӊ қазанында екі транш арқылы жүзеге асырылып, өтемақы төленеді. Өтемақылардыӊ жалпы көлемі немесе бар сомаға пайыздық қатынаста 35,5% құрайды", - деді ҰЭМ басшысы, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол айтып өткендей, өткен жылдыӊ соӊында Экономикалық саясат жөніндегі кеӊесте қабылданған салымдарға өтемақы төлеу бойынша сәйкес шешім бүгінде "Бәйтерек" ұлттық холдингімен, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен" бірге және Үкімет аясында пысықталуда.

Ол еске салып өткендей, бүгінгі таӊда 20 тамызға бекітілген сома - 171 млрд теӊге, бұл сол уақыттағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" клиенттері салымдарыныӊ сомасы.

Министрдіӊ мәліметінше, өтемақыныӊ жалпы көлемі 60,9 млрд теӊгені құрайды, олардыӊ ішінде 24 млрд теӊгені 2016-2017 жылдарыы ТҚЖБ табыстарымен өтемақы төленеді деп күтілуде. Қалған қаражат, Е.Досаевтыӊ айтуынша, Үкімет резервінен биыл және келесі жылы 36,9 млрд теӊге түспек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны