02.08.2012, 11:58 3086

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сыйақы алу мерзімін 5 жылдан 3 жылға азайтты

Банк қызметкерлерінің айтуынша, бұрынғыдай бес жыл емес, енді үш жылдан кейін жүйеге қатысушы немесе яғни банк салымшысы жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе келісімшартты уақытынан бұрын бұзғанда мемлекет сыйақысын ала алады. Бұл ағымдағы жылдың 5 маусымында "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жинақтары туралы" 2000 жылдың 7 желтоқсандағы Заңына өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болып отыр.

Алматы. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сыйақы алу мерзімін 5 жылдан 3 жылға азайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, бұрынғыдай бес жыл емес, енді үш жылдан кейін жүйеге қатысушы немесе яғни банк салымшысы жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе келісімшартты уақытынан бұрын бұзғанда мемлекет сыйақысын ала алады. Бұл ағымдағы жылдың 5 маусымында "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жинақтары туралы" 2000 жылдың 7 желтоқсандағы Заңына өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болып отыр.

"Халықтың "Қолжетімді баспана" бағдарламасына қатысуына және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінің шарттарын одан әрі жетілдіру мақсатында тағы да бірқатар өзгертулер енгізілді", деді "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны