04.09.2018, 15:10 4763

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі балалар депозиті бойынша еӊ үлкен жинақ сомасы 10 млн теӊгені құрайды

Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардыӊ атына ашылған шоттар үлесі басым. Барлығы 80 000 депозит осы жас тобындағы клиенттерге ресімделген. Екінші орында жалпы саны 55 000 депозиті бар 10-18 жас аралығындағы салымшылар тұр.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) балалар депозитіне деген сұраныс артып келеді. Ұл-қызыныӊ атына шот ашқан ата-аналардыӊ саны қазір 145 000 болып отыр. Ал бір жыл бұрын банкте 133 000 балалар депозиті бар еді.

Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардыӊ атына ашылған шоттар үлесі басым. Барлығы 80 000 депозит осы жас тобындағы клиенттерге ресімделген. Екінші орында жалпы саны 55 000 депозиті бар 10-18 жас аралығындағы салымшылар тұр. Үшінші орын банктіӊ еӊ кішкентай клиенттері - 1 жасқа дейінгі балалардыӊ еншісінде. Олардыӊ атына барлығы 10 000 депозит ашылған.

- Жыл сайын мұндай депозиттеркүзде, балалар мектепке барғанда кезде еӊ жиі ашылады. Дәл осы уақытта ата-аналар ұл-қыздарыныӊ өсіп келе жатқанын түсіне отырып, олардыӊ болашағына қаржылай көмек көрсетуді қолға алады. Ай сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитке аз-аздан ақша салып отырады. Отбасылық бюджетке бұл аса қатты әсер ете қоймайды, есесіне кейін балаға баспана алып беру мүмкіндігі пайда болады. Мен 6 жастағы баласыныӊ шотында 10,3 млн теӊгеніӊ басын құраған және ары қарай ақша жинап жатқан ата-ананы білемін. Банк те депозиттегі сомаға жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын және банк сыйақысын аударып, тиімді қолдауын көрсетіп отыр. Осы екі бонусты қосқанда, салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13,3%-ға дейін барады, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

18 жасқа толған барлық банк салымшылары тағы бір тиімді ұсынысқа қол жеткізеді, атап айтқанда жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй займынан үміткер бола алады.

Депозитті баланыӊ атына кез келген жерде, кез келген уақытта ашуға болады. Ол үшін банк кеӊесшісін шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Депозит ашу үшін ата-ананыӊ бірініӊ жеке куәлігі мен баланыӊ туу туралы куәлігі қажет.

14 жасқа дейін баланыӊ атына депозитті ата-ана ресімдейді. 14 жастан бастап шотты баланыӊ өзі ашады, тек әкесініӊ немесе анасыныӊ келісімі қажет.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны