30.07.2015, 12:04 3674

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ клиенттері банкке тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамасын ұсынбауына болады

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігініӊ ақпараттандыру жүйесініӊ және Инвестициялар және даму министрлігініӊ egov.kz порталындағы "электрондық үкімет" шлюзыныӊ ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуы шеӊберінде Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс банкі клиенттерініӊ мекенжай мәліметтеріне олардыӊ келісімін алғаннан кейін рұқсат беру бойынша жаӊа сервис іске асырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен, порталдыӊ жаӊа сервисініӊ арқасында несиелеуге өтінім беру кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ клиенттеріне тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамасын (басқа да анықтамалар: жылжымайтын мүлікке ауырпалылыққа және тіркелген құқықтардыӊ жоқтығы және бар болуы, некеге тұру және некені бұзу туралы куәлік) ұсынудыӊ қажеттілігі жоқ.

Барлық осы мәліметтерді банк клиенттіӊ келісімімен SMS-растау арқылы бір реттік парольмен сұрау салу бойынша ала алады, егер Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс банкініӊ клиенті Азаматтардыӊ мобильдік базасында тіркелген болса (банк деректерді ұсынуға сұрау салуды жібергеннен кейін клиентке банк оған қатысты нақты мәліметтер алғысы келетіндігі туралы SMS-хабарлама келеді, клиент "ия" немесе "жоқ" деп жауап беруі тиіс). Бір SMS-хабарламаныӊ бағасы - 7 теӊге.

Екінші нұсқада - ескерту арқылы, клиенттіӊ egov.kz порталындағы жеке кабинетіне келеді, клиент деректерді беруді растайды не бас тартады.

Осы ақпараттық жүйеледіӊ өзара іс-қимыл жасасуы құжаттарды ұсыну уақытын үнемдейтінін, сондай-ақ банк қызметкерлері банк жүйесіне клиенттіӊ дербес деректерін енгізу кезінде қате операциялар жасау қаупін азайтатынын атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон полициясы департаменті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны