09.12.2015, 16:12 3868

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларына өтемақы төленеді

Алдағы 2 жылда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларына өтемақы төлеу үшін қазынадан 37 миллиард теӊгеге жуық қаражат бөлінеді

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алдағы 2 жылда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларына өтемақы төлеу үшін қазынадан 37 миллиард теӊгеге жуық қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үкімет тиісті шешім қабылдады. Бұған қоса, банк тарапынан 24 миллиард теӊге бөлінбек, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Айта кеткен жөн, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жиған қаржысы 1 миллион теӊгеден асатын салымшыларға теӊге бағамыныӊ өзгеруіне байланысты өтемақы төлейтін еліміздегі жалғыз қаржы ұйымы. Қазір онда 500 мыӊға жуық депозит ашылған. Бағам айырмасы бойынша өтемақы қаржы құйған барлық салымшыларға төленеді. Сондай-ақ алдағы 3 жылда халықтыӊ баспанаға қолжетімділігін арттыру үшін еліміз бойынша 13600 пәтер пайдалануға берілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны