04.04.2016, 10:54 4399

"Тұрғын үй құрылыс жинақбанкініӊ" 200 мыӊға тарта салымшысы өтемақыдан қағылуы мүмкін

Бүгінгі күні "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бойынша өтемақы төлеуге жататын 110 мыӊға жуық салымшымен қосымша келісімшартқа қол қойды. Бұл өтемақы төлеуге жататын депозиттердіӊ 20 пайызын ғана құрайды. Мұндай қарқынмен 200 мыӊға тарта салымшы банкпен арадағы қосымша келісімшарттар жасау мерзіміне үлгермеуі мүмкін

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бойынша өтемақы төлеуге жататын 110 мыӊға жуық салымшымен қосымша келісімшартқа қол қойды. Бұл өтемақы төлеуге жататын депозиттердіӊ 20 пайызын ғана құрайды. Мұндай қарқынмен 200 мыӊға тарта салымшы банкпен арадағы қосымша келісімшарттар жасау мерзіміне үлгермеуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске сала кетейік, банкпен салымшылар арасында өтемақы бойынша қосымша келісімшарттар жасасу 2016 жылдыӊ 8 ақпанынан басталған болатын. Осы үдеріске берілген 114 күнтізбелік күнді есепке алғанда күн сайын орта есеппен 4096 қосымша келісімшарттар жасалуы керек болатын. Алайда, бүгінгі күні қабылданып жатқан өтінімдердіӊ орташа саны екі жарым мыӊнан аспайды, деп хабарлайды банктіӊ баспасөз қызметі.

"Тұрғын үй құрылысжинақ банкімен" қосымша келісімшарттар жасау мерзімі 2016 жылдыӊ 1 маусымында аяқталатынын ескерсек, онда жоспарланған келісімшарттардыӊ тек жартысына ғана қол қойылуы мүмкін", - делінген баспасөз баянында.

Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша өтемақы төлеуге жататын 31 433 депозиттердіӊ 5970-іне ғана қосымша келісімшарттар жасалған. Ақтөбе облысында - 32 490 салымшыныӊ 7843-і, Атырау облысында - 17 479 салымшыныӊ 3070-і, Алматы қаласында - 56 295 салымшыныӊ 13 188-і, Астана қаласында - 62 049 салымшыныӊ 18 160-ы ғана қосымша келісімшарттар жасасқан.

"Егер депозиттер сомасына шаға қарастырсақ, 1 млн. теӊгеге жетпейтін 352 860 және 1 млн. теӊгеден жоғары 26 515 салым бойынша келісімшарттар жасалмай отыр. Осылайша, бүгінгі таӊда өтемақы мақсатында бөлінген 21 млрд теӊгеден астам сомаға сұраным болмауы мүмкін. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бастапқы кезден 467 мыӊ келісімшарт бойынша өтемақы төленетінін жариялаған болатын. Оныӊ ішінде салым мөлшері 1 млн. теӊгеден асатын салымшылар да қамтылған еді. Өтемақы төлеуге жататын салым сомасы қазіргі күні 153,1 млрд теӊгені құрап отыр. Осыған байланысты салымшылар белгіленген мерзім ішінде банкпен қосымша келісімшарттар жасап үлгеруі керек. Бұл ретте процедураны онлайн-режимде электрондық-цифрлық қолтаӊбаны пайдалана отырып жүзеге асыруға болады (www.egov.kz немесе банктіӊ ресми сайты www.hcsbk.kz)", делінген баспасөз баянында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны