08.12.2012, 15:51 2844

"Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" 46 мың несие алушыға 145 млрд. теңгеден астам қаражат берді

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева осылай мәлім етті.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен" АҚ өз қызметінің бүкіл кезеңінде 46 мың несие алушыға 145 миллиард теңгеден астам сомаға несие берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева осылай мәлім етті.

Басқарма төрайымының айтуынша, кредиттік қоржын құрылымында 81 пайызы тұрғын үй сатып алуға, 12 пайызы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға, 6 пайызы тұрғын үйді жөндеуге, 2 пайызы тұрғын үй салуға және 1 пайызы басқа да мақсаттарға арналған несиелер.

"Болжамдарға орай, 2020 жылдың соңына қарай біздің банкте жаңа несие берудің жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайтын болады. Тұрғын үй салу және сатып алуға берілетін несиелер бойынша нарық үлесі 20 пайызға дейін өседі", - дейді Н. Наурызбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны