17.09.2007, 13:28 1700

Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру көрсеткіштері позитивті - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру көрсеткіштері позитивті.

Астана. 17 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру көрсеткіштері позитивті деп бағалайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында нндустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу жайын тұтастай талдайтын болсақ, оң көрсеткішті байқаймыз", - деді Ғ. Оразбақов.

Атап айтсақ, министрдің мәліметінше, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында бағдарламаны қаржыландырудың барлық көздері бойынша 5,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,5 есе артық. "Республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер есебінен бағдарлама жүзеге асырыла бастаған сәттен бері болжам 388 мың шаршы метр, немесе, 4800 пәтер болғанына қарамастан, 456,7 мың шаршы метр, немесе 5500 пәтер салынған. Соның ішінде ағымдағы жылдың қаңтар айында коммуналдық баспанадан жалпы 62 мың шаршы метр, немесе, 819 пәтер, яғни, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 113% болды", -деді министр.

Оның хабарлауынша, Алматы мен еліміздің 10 облысында ағымдағы жылға арналған пайдалануға берілуге тиіс коммуналдық баспананың көлемі асыра орындалды. "Басқа өңірлерде осындай баспананы пайдалануға беру аяқталып келеді. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 1 қыркүйек тегі жағдаймен барлық қаржыландыру көздері бойынша 16,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал жоспар - үш жылда 15,8 шаршы метр баспана салу болған", - деді министр. Оның айтуынша, "жылдың аяғына дейін тағы да 1,7 млн шаршы метр бьаспана пайдалануға беріледі деп болжанған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны