10.10.2016, 10:59 4206

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік бере бастады

Жаӊа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімініӊ бұзылуы; ақшаны орынсыз пайдалану; сот шешімі бойынша құрылыс салушыныӊ дәрменсіздігі.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ Қордыӊ кепілдігін алу үшін құрылыс салушылардан өтінім қабылдауды ресми түрде бастайды.

Жаӊа "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заӊға" сәйкес Қор тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады. Қорды құрудыӊ мақсаты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды кепілдендірудіӊ тұрақты және тиімді жүйесін, кепілдік беру жағдайы туындағанда үлескерлердіӊ құқықтары мен заӊды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын ынталандыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Жаӊа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімініӊ бұзылуы; ақшаны орынсыз пайдалану; сот шешімі бойынша құрылыс салушыныӊ дәрменсіздігі.

Бастапқы кезеӊде Холдингтіӊ еншілес ұйымы "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" құрылыс салушыныӊ өтінімін қарау кезінде, оныӊ жаӊа заӊ талаптарына сәйкес келуін тексереді. Барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қор құрылыс салушымен және Уәкілетті компаниямен кепілдік беру туралы шарт жасасады. Қор одан кейін салынып жатқан тұрғын үй сапасын бақылайтын тәуелсіз инжинирингтік компанияны тарта отырып, үлескерлер ақшасын орынды жұмсалуын, сондай-ақ пайдалануға енгізілген тұрғын үйдіӊ сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Жалпы, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске асыру үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласыныӊ инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге құрылыс саласыныӊ ашықтығы мен құрылыс салушыныӊ жауапкершілігін жоғарлатады.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құрудыӊ мақсаты экономиканы дамыту мен әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оныӊ еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдинг құрамына мынадай компаниялар кіреді: "Казақстанныӊ Даму Банкі" АҚ, "Қазақстанныӊ инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, "Қазақстанныӊ ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Бәйтерек девелопмент" АҚ, "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС. Холдинг осы компаниялардыӊ мемлекеттік акциялар пакетін иемдену және пайдалану құқығына ие.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны