22.08.2011, 13:25 3565

Тұрғындардың коммуналдық қызмет саласындағы қарызы 9,1 млрд теңгеге жетіп жығылады

Қазақстанда жылу энергиясын тұтынушылардың қарызы қазіргі уақытта 9,1 млрд. теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан селекторлық кеңесте Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Тұрғындардың коммуналдық қызмет саласындағы қарызы 9,1 млрд теңгеге жетіп жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агентігінің хабарлауынша, Қазақстанда жылу энергиясын тұтынушылардың қарызы қазіргі уақытта 9,1 млрд. теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан селекторлық кеңесте Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

"Өткен жылыту маусымының соңына таман (15 сәуір 201 жыл) тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 8,7 миллиард теңгені құрады. Ал ағымдағы жылғы 17 тамыздағы мәлімет бойынша бұл берешек 356 млн. теңгеге өсіп, 9,1 миллиард теңгені құрады", - дейді агенттік төрағасы Серік Нокин Үкімет отырысында. Оның айтуынша, қарызға қатысты бұндай өсім негізінен Қарағанды облысы мен Алматы қаласының тұтынушылары есебінен артып отыр. Мәселен, Қарағанды облысындағы коммуналдық қызметтерге қарыздарды тексерулер және нақтылаулар барысында берешек көрсеткіші 190 млн. теңгеге дейін артқан. Ал Алматы қаласы бойынша қарыз өсімі 1,5 миллиард теңгені көрсетті. "Қалған өңірлерде тұтынушылар тарапынан қарыздарының орнықты төмендеу үдерісі байқалады", - деді С. Нокин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны