27.02.2012, 15:57 3603

Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің қаржысы 83 пайызға ұлғайып, 73 млрд. теңгені құрады

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ағымдағы жылы тұрғын-үй құрылыс жүйесіндегі экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың үлесін 3,4 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Алматы. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің қаржысы 83 пайызға ұлғайып, 73 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ағымдағы жылы тұрғын-үй құрылыс жүйесіндегі экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың үлесін 3,4 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Оны Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбекова бүгін Алматыда банктің 2011 жылғы қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

"Банк 2011 жылы өз міндеттері мен қызметіне қатысты барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап, жақсы көрсеткіштерге жетті. Былтыр 69 мыңнан аса келісімшартқа қол қойылып, 2010 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өсті. Ал келісімшарт көлемі 160 миллиард теңгеге жетіп, алдыңғы жылдан 32 пайызға жоғары болды. Нарықтағы екінші деңгейлі банктер арасында активі жағынан 16-дан 14 орынға көтерілді", - дейді Басқарма төрайымы.

Оның айтуынша, банк клиенттерінің қаржысы 83 пайызға ұлғайып, 73 млрд. теңгені құрады. Несиелік қоржын есептік жыл ішінде 28 пайызға өсіп, 86 млрд. теңгеге жетті. Банк сондай-ақ былтыр 256 млн. теңге мөлшерінде қаржылық тиімділікке қол жеткізді. Екінші деңгейлі банктердегі тұрғындардың салымдарындағы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің үлесі 2,7 пайызды құрап, ұлттық валютағы ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 8,3 пайызды еңсерді. Халықтың жалпы салымы бойынша ол былтыр нарықта 10-нан 9-орынға көтерілді. Ал ұзақ мерзімді салымдар нарығында 7-ден 4-орынға шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны