17.12.2018, 14:02 5396

Түрік компаниясы Түркістанда мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салуға ниетті

Бұл туралы Түркістан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтіӊ Түркия Республикасыныӊ бір топ кәсіпкерлерімен кездесуінде айтылды. Шетелдік "Biotrend energy" компаниясын кәсіпорынныӊ басқарма төрағасы Мурат Аслан бастап келді.

Түркістан. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түрік компаниясы Түркістанда мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салуға ниетті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтіӊ Түркия Республикасыныӊ бір топ кәсіпкерлерімен кездесуінде айтылды. Шетелдік "Biotrend energy" компаниясын кәсіпорынныӊ басқарма төрағасы Мурат Аслан бастап келді.

Делегация құрамын өӊіріміздіӊ сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық, сонымен қатар, туризм салаларындағы жоғары әлеуетімен таныстырған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Қ.Нүкенов бауырлас түрік елімен кез келген салада әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.

"Біздер, бүгінде, Түркістанныӊ жаӊғырып, жаӊарып жатқан дәуірінде тұрмыз. Осы орайда, түркі тілдес елдер мен Орталық Азияныӊ рухани-мәдени орталығы болып табылатын шаһарымызды дамытуда бауырлас түрік ағайындармен екі жақты тиімді өнеркәсіптік, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік орнату міндеті тұр деп білемін. Исіресе, табиғаты көрікті һәм денсаулыққа пайдалы орындарға бай облысымыздыӊ туризм саласын көтеру мақсатында Өздеріӊізден жақсы ұсыныстар күтеміз. Және оларды қашан да қолдауға әзірміз", - деді Қ.Нүкенов.

Өз кезегінде, сөз алған "Biotrend energy" компаниясыныӊ басқарма төрағасы М.Аслан компанияныӊ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеуде озық кәсіпорын екенін айтып, осы салада Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, төраға мақта қалдықтары мен қоқыстан полиэтилен өнімдерін, электр қуатын және табиғи газ шығаруға болатынын айтып, нақтырақ айтқанда, мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу туралы ұсынысын жеткізді.

Түркиялық инвесторлардыӊ мәліметінше, 1 гектар мақта алқабынан 3 тонна мақта қалдығы шықса, одан 30-40 мВт электр қуатын өндіруге болады екен. Осыны ескерген мамандар "ақ алтын" егілетін Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында мақта қалдығын қабылдап, оны өӊдейтін екі зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл ретте, делегация жетекшісі әкімдік тарапынан жер телімін бөліп беру мен құжаттарды рәсімдеу жағынан қажетті қолдау көрсетуді сұрады.

Барша мәліметтерге қаныққан облыс әкімініӊ бірінші орынбасары инвесторларға әкімдік тарапынан тиісті қолдаулардыӊ көрсетілетінін жеткізді. Жер телімін беруде мәселеніӊ жоқтығын алға тартқан Қ.Нүкенов салық төлеу тұрғысынан да жеӊілдіктердіӊ болатынын жеткізді.

Айта кетейік, "Biotrend energy" компаниясы халықаралық стандарттарға сәйкес таза қуат өндіруді мақсат тұтқан, іргетасы 2012 жылы құрылған энергетикалық кәсіпорын. Онда бүгінде 200-ден астам білікті қызметкерлер жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны