14.01.2008, 17:36 2735

Түрікменстан 74 млн АҚШ долларына мұнай химиясының өнімдерін өткізді

Түрікменстан 74 млн АҚШ долларына мұнай химиясының өнімдерін өткізді

Ашхабад. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстанның Мемлекеттік тауар-шикізат биржасында 74 млн 668 мың АҚШ долларына мұнай химиясының өнімдері сатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Түрікменстанның Мемлекеттік ақпараттық агенттігіне (TDH) сілтеме жасай отырып. Түрікменстанның агенттігі хабарлағандай, өткен аптада биржада 25 мәміле тіркелген.

Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, Біріккен Араб Имірліктерінің кәсіпкерлері TS-1 маркасындағы авиакеросин және А-92 маркасындағы автожанармай сатып алған. Австриялық бизнесмендер мұнай коксын алған. Ұлыбритания саудагерлері полипропилен мен дизельдік отын алған. Түркиялық сатып алушылар да дизельдік отын алса, АҚШ кәсіпкерлері сұйылтылған газ алған.

Барлық мұнай өнімдері Түркіменбашы мұнай өңдеу зауытында дайындалған.

Мұнай өнімдерінен басқа шетел валютасына мақта-мата өнімдері кеңінен сатылып алынды. Сатып алған елдер: Швейцария, Ресей мен АҚШ.

Депозиттік манатқа Пәкістан, Қазақстан, Чехия, Ауғанстан, Үндістан, Украина, АҚШ, Қырғызстан, Түркия, Біріккен Араб Имірліктері және Сейшель аралдарының кәсіпкерлері қатты мата, мақта-мата жібін, қаракөл жүнін, мақта майын сатып алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны