27.05.2008, 15:30 3613

Түрікменстан мен Еуроодақ ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Түрікменстан мен Еуроодақ ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Ашхабад. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов пен Еуроодақтың энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пиебалгс кеше келіссөздер қорытындысы бойынша энергетика саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударып, Түрікменстанның әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтудағы экономикалық және ресурстық әлеуетін ескере келе оның келешегі зор екенін атап өтті.

"Түрікменстан - Орталық Азиядағы аса ірі табиғи газ экспорттаушы ел - елдегі жаңа мұнайгаз кеніштерін игеруге еуропаның инвестициясы жұмсалатын тартымды нысан бола алады", -деп мәлімдеді еврокомиссар. Ол сонымен бірге ЕО Түрікменстан үшін энергия көздерәін сататын нарық ретінде тартымды екенін айтты.

ЕО делегациясы мүшелерін Довлетабад газ кенішіне барып қайтуға шақырған, онда қазір отын-энергетикалық кешеннің заманауи инфрақұрылымы құрылуда. Онда олар "Довлетабад-2" газкомпрессорлық станциясының іргетасын қалау және "Довлетабад-3" газкомпрессорлық станциясын іске қосу рәсімдеріне қатысты.

Екі нысанды салуға бельгиялық ENEX компаниясы тартылған, елде бұл компаниямен бірге бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылған.

Президент Г. Бердымухаммедовтың айтуынша, барлық жұмыстар аяқталған соң Ресей бағытында да, сондай-ақ, Еуропаға қарай да "көгілдір отын" жіберу көлемі біршама ұлғаяды, бұл түрікмен газын тұтыынатын елдер үшін энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.

"Көмірсутегі шикізатының өлшеусіз қоры бар Түрікменстан халықаралық газ құбырларының барлық жобасы эжамалып жатқан үлгілерін газбен қамтамасыз ете алады", - деп мәлімдеді Г. Бердымухаммедов жылына 20 млрд текше метр газ өндіре алатын суперзаманауи компрессорлық станцияның құрылысына бата бере отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны