09.01.2014, 20:04 3284

Туризм индустриясы комитеті Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарына туристік сапар ұйымдастырады - ИЖТМ

Жоспар бойынша, Сочидегі ойындардағы Қазақстанның жанкүйерлер делегациясының ресми құрамында 400 адам болмақ. Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық туристер 5 жұлдызды "Nordwegian Jade" круизді лайнерінде тұрақтайтын болады.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің тапсырмасымен Сочи қаласындағы XXII Қысқы Олимпиада ойындарына туристік сапар ұйымдастыру мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

"Жоспар бойынша, Сочидегі ойындардағы Қазақстанның жанкүйерлер делегациясының ресми құрамында 400 адам болмақ. Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық туристер 5 жұлдызды "Nordwegian Jade" круизді лайнерінде тұрақтайтын болады. Кеме Германияда 2006 жылы шығарылған, онда 2376 орындық 1190 каюта бар", - делінген хабарламада.

Қазақстандық делегаттардың түсетін жерін таңдау барысында қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілді. Лайнер қосымша қорғаныс аймағына және Қысқы ойындар өтетін негізгі спорттық және мәдени орындарына жақын орналасу ерекшелігіне ие. Онда қос өткізу режимі жұмыс істейді. Сонымен қатар, порт аумағына кіретін қонақтардың жүгін автоматты тексеру құрылғысы бар.

Қазақстандық халықаралық "Complete Service" туристік компаниясы Сочи қаласындағы XXII Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстан Республикасы аумағындағы "Sochi-20140" Ұйымдастыру комитетіне тіркелген жалғыз ресми билеттік агенттік болып табылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бұл Ойындарда алғаш рет жанкүйерлердің төлқұжатын рәсімделеді. Онсыз Сочиге бару мүмкін емес.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны