30.06.2018, 12:25 7582

Түркия, Ұлыбритания, Германия, Франция және Бельгиядан инвесторлардыӊ СҚО жобаларына қатысуы пысықталып отыр

Петропавл қаласында "Kazakh Invest" басқармасыныӊ төрағасы Сапарбек Тұяқов Солтүстік Қазақстан облысыныӊ кәсіпкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Петропавл қаласында "Kazakh Invest" басқармасыныӊ төрағасы Сапарбек Тұяқов Солтүстік Қазақстан облысыныӊ кәсіпкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

"Иби-Жер", "ҚазЕтӨнім", "ТрансАгроИнвест", "Барс-Nord", "РЕ Маркет", "Загот-Интер", "Якорская құс фабрикасы" басшыларымен келіссөздер барысында, отандық компаниялардыӊ өӊірдегі "KazakhInvest" тарапынан пысықталып отырған инвестициялық жобаларына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ бүгін облыстық әкімдікте бизнес, "Солтүстік" ИКК және "Атамекен" ҰКП өкілдерініӊ қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында С.Тұяқов, "Kazakh Invest" Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігімен бірлесіп бүгінгі күні шетелдік инвесторлармен бірге пысықталып жатқан 275 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына тауашалы жобаларын анықтағанын атап өтті.

Олардыӊ қатарында - 100 млн. АҚШ долларына гербицидтерді өндіру бойынша зауыты, 25 млн. АҚШ долларына зығыр майын өндіру бойынша зауыты, 60 млн. АҚШ долларына бройлер құс фабрикасыныӊ құрылысы, 30 млн.АҚШ долларына ірі қара малдыӊ 20 мыӊ басына арналған малға жем беретін орынныӊ және ет комбинатыныӊ құрылысы, сонымен қатар 60 млн.АҚШ долларына макарон бұйымдарыныӊ өндірісі бойынша жобасы бар.

Атап өту керек, "Kazakh Invest" сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы тікелей инвестициялық жобаларына қатысуға қатысты шетелдік инвесторлармен келіссөздер басталды. Бұл қант зауытыныӊ, көлік-логистикалық орталығыныӊ, картопты қайта өӊдеу, қолданыстағы машина құрастыру базасындағы автобөлшектердіӊ өндірісі бойынша жаӊа жобалары.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Түркия, Ұлыбритания, Германия, Франция және Бельгиядан инвесторлардыӊ СҚО жобаларына қатысуы пысықталып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны