16.07.2007, 16:08 2430

Түркия, Изербайжан, Грузия және Қазақстан министрлерінің Трансазия-Еуропа байланыс желісінің Каспий бөлігін тарту мәселесіне арналған кездесуі қыркүйекке дейін шегерілді

БАКУ. 16-шілде. Kazakhstan Today. Түркия, Изербайжан, Грузия және Қазақстанның байланыс министрлерінің Трансазия-Еуропа оптикалық -талшықты байланыс желісінің Каспий бөлігін тарту мәселесіне арналған кездесуі қыркүйекке дейін шегерілді. Бұл туралы Изербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Или Аббасов журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А. Аббасовтың айтуынша, бұған дейін бұл кездесу маусым айына межеленген болатын. Алайда, оған Қазақстанның байланыс саласын жауаптанған министрінің жұмыс кестесінің күрделілігіне байланысты кейінге шегерілген.

"Қазақстан жоқ жерде бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін емес. Осыдан бір ай бұрын Ригада Изербайжан мен Қазақстанның тиісті ұйымдары арасында каспий теңізінің түбі арқылы өтетін кабель тарту туралы хаттамаға қол қойылған. Алайда, хаттамаға қол қою аздық етеді, бұл жобаға Қазақстан үкіметінің де атсалысуы қажет", - деп мәлімдеі А.Аббасов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Трансазия-Еуропа оптикалық -талшықты магистральдық байланыс желісінің Каспий бөлігін тарту үшін Изербайжан, Грузия, Қазақстан және Түркияның қатысуымен консорциум құру қажет.

Каспий теңізінің түбі арқылы Сиазань (Бакуден солтүстікке қарай 120 шақырымда) мен Ақтау арасында байланыс желісін тарту құны шамамен 7-10 млн долларға тең.

Каспий арқылы 400 шақырымға созылатын жаңа желі Азия мен Еуропа елдері арқылы өтетін Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің бір тармағы болмақ.

Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісі Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Изербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғанстан елдерін қамтып, Германияның Майндағы Франкфурт қаласында аяқталады.

Қазіргі жағдаймен Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің Шанхай мен Франкфурт арасындағы барлық бөліктеріндегі қүрылыс жұмыстары аяқталған. Тек қана каспийдегі су астындағы бөлігі бар. Сол себепті Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы кабельдік ақпарат алмасу Иран және Ресей аумақтары арқылы транзитті жүзеге асырылуда. Бұл магистральдың қауіпсіздігін төмендетіп, ұзындығын арттыра түсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны