27.09.2018, 17:31 3591

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Бұл жылыжай "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне 25 шақырым жердегі индустриялық аймақта орналасады. Кентаудағы жылыжай кешені ауыл шаруашылық өнімдерін молайып, еліміздіӊ экспорттық әлеуетін көтереді деген болжам бар.

Түркістан. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияныӊ компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияныӊ атақты "Dal Holding Investment CO" компаниясыныӊ Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларыныӊ Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

"Түркістан қаласыныӊ қазақ халқы үшін, бүкіл Түркі әлемі үшін аса маӊызды қала екенін білесіздер. Елбасымыздыӊ Жарлығына сәйкес, Түркістан облысы құрылып, оныӊ орталығы болып Түркістан қаласы бекітілді. Сіздердіӊ компанияларыӊыздыӊ жетістіктерінен хабардармын. Бірнеше бағытта әріптестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар", - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Демирджан Кусе қазірдіӊ өзінде нақты жобамен келгенін, облыспен танысу барысында өзге де жобаларды қаржыландыруға әзір екенін мәлімдеді. Атап айтсақ, "Dal Holding Investment CO" компаниясы жақында Кентау қаласында 200 гектар аумаққа заман талабына сай жылыжай кешенін сала бастамақ. Құны 500 млн. АҚШ доллары болатын жоба арқылы 3000 жұмыс орны ашылмақ. Бұл жылыжай "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне 25 шақырым жердегі индустриялық аймақта орналасады. Кентаудағы жылыжай кешені ауыл шаруашылық өнімдерін молайып, еліміздіӊ экспорттық әлеуетін көтереді деген болжам бар.

33 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл компания Оӊтүстік Америка, Африка, Қиыр және Таяу Шығыс пен Орта Азияда түрлі жобаларды жүзеге асырған. Илемніӊ түкпір-түкпірінде 2000 өкілі бар. Компания цемент шығару, тау кенін өндіру, машина жасау, автоматтандыру, өндірістік шаӊ-тозаӊдарды жинайтын құрылғы жасау және энергетика саласында жоғары деӊгейлі кәсіпорындар салумен де айналысады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны