30.05.2018, 23:41 4132

Түркияныӊ Ыстамбұл қаласында ОҚО-ныӊ инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өндірісі мен өнеркәсіп саласына шетел инвесторларын тарту мақсатында және өӊірде өндірілетін өнімдерді сыртқы нарыққа шығару үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған оӊтүстікқазақстандық делегация Түркия мемлекетінде жұмыс сапарымен болды.

Шымкент. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өндірісі мен өнеркәсіп саласына шетел инвесторларын тарту мақсатында және өӊірде өндірілетін өнімдерді сыртқы нарыққа шығару үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған оӊтүстікқазақстандық делегация Түркия мемлекетінде жұмыс сапарымен болды.

Сапары барысында аймақ басшысы іскер топ мүшелерімен бірге Түркия елініӊ Ыстамбұл қаласында болып, бірқатар өндіріс орындарын аралап, жетекші кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді.

Сонымен қатар облыс әкімі Ж.Түймебаев бастаған топ Түркия мемлекетініӊ бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Иӊгіме барысында Жансейіт Қансейітұлы екі ел арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтудағы еӊбегін жоғары бағалайтынын айтты.

Бұдан бөлек, делегация 750 гектар аумақта орналасқан "Икителли" индустриялық аймағыныӊ жұмысымен танысты. Аталған аймақта шағын және орта 30 мыӊнан астам кәсіпорын сәтті жұмыс істеп келеді. Оларда 300 мыӊдай жұмысшы еӊбек етеді. "Икителли" Түркиядағы еӊ үлкен индустриялық аймақ. Инвестициялық мүмкіндіктері мен өндірістік, экспорттық әлеуетімен және жұмыспен қамтуымен бұл аймақ экономиканыӊ дамуына үлес қосып келеді. Бұл аймақ заманауи кешендегі өндіріс және сауда қалашығы болып табылады.

Бауырлас екі елдіӊ іскер топ өкілдері мен сарапшы мамандары бас қосқан жиында қос елдіӊ сауда-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері кеӊінен талқыланып, екі жақ өзара тәжірибе алмасып, әріптестік байланыстарын нығайтуға уағдаласты.

Басқосуда облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеӊінен таныстырған Жансейіт Түймебаев бүгінгі таӊда Оӊтүстік жерінде индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 1 арнайы экономикалық және 11 индустриялық аймақ жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

"Бізде индустриалды аймақ өӊірдегі барлық ауданда құрылған. Онда шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай қарастырылған. Біз үшін өндіріс саласында Түріктіӊ озық технологиясы мен мамандардыӊ біліктілігін арттыру бағытындағы іс-тәжірибесі аса маӊызды",-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанныӊ жүргізіп отырған инвестициялық саясатын оӊ бағалап, екіжақты қарым-қатынасты арттыру қажеттігіне назар аударды.

- Біздіӊ өндірістік аймақта орын тепкен бірқатар кәсіпорын басшыларымен бірігіп, алдағы шілде айында Қазақстанға жұмыс сапармен баруды жоспарлап отырмыз. Оныӊ аясында қазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзара іскерлік байланыстарды тереӊдетпекпіз. Түркия мен Қазақстанныӊ сауда-экономикалық әлеуеті өте зор. Бұл мүмкіндіктерді қос елдіӊ іскер топ өкілдері тиімді пайдалануы тиіс деп есептеймін,-дейді Түркиядағы "Эскоп" өндірістік аймағыныӊ төрағасы Юсуф Ақгюн.

Түркия Қазақстанныӊ саяси және экономикалық тұрғыдағы еӊ жақын және сенімді серіктесіне айналғанын айтқан "Бас текстиль" ЖШС директоры Талғат Ысқақов тоқыма өнеркәсібі жолға қойылған Түркия елінен үйренеріміз көп екенін және осы сапардыӊ жемісті боларына сенім білдірді.

Жалпы Оӊтүсік Қазақстан - инвесторлар үшін тартымды өӊір. Мәселен мұнда еліміз бойынша жалғыз "Қазақ-түрік" индустриалды аймағы жұмыс істейді. Бүгінде аталған аймақта бауырлас елмен бірлескен құны 25 млрд теӊгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 900 жаӊа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аталған жобалар кезеӊ-кезеӊімен 2020 жылға дейін іске қосылатын болады.

Қазақстан мен Түркия елдерініӊ арасындағы тауар айналым бүгінде 2 млрд АҚШ доллар шамасында болса, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізу көзделуде. Бұл жөнінде дипломатиялық байланыстыӊ 25 жылдығы аясында қос мемлекеттіӊ көшбасшылары өткен жылы Астана қаласында болған кездесуде айтқан болатын.

Түркия негізінен Қазақстанға тоқыма және тамақ өнеркәсібі мен құрал-саймандар импорттаса, олар Қазақстанныӊ мұнайы мен металдарына, химия өнеркәсібі өнімдеріне ерекше қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны