26.01.2009, 16:21 4463

Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясы кейінгі 15 жылда $1,36 млрд жетті

Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясы кейінгі 15 жылда $1,36 млрд жетті

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясы кейінгі 15 жылда $1,36 млрд жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан парламенті мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 1993 жыл мен 2008 жылдың наурыз айы аралығында Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясы $1,36 млрд (2008 жылдың І тоқсанында - $34,5 млн) құрады", - делінген хабарламада.

"Түркия - Қазақстанның ең бір маңызды әрі ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында $2,224 млрд (экспорт - $1,522 млрд, импорт - $702 млн) болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстан экспортқа негізінен шикізат (мұнай мен металл түрлерін) шығарады. Түркиядан құрылыс материалдары, химиялыө өндіріс өнімдері мен тоқыма өнімдері әкелінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны