18.01.2013, 18:53 3056

Түркіменстан Каспий жағалауында бекіре тұқымдас балық өсіретін кешен салады

Кешенде жылына 100 тонна бекіре балығы мен 2 тонна бекіре уылдырығы, 40 тонна сүрленген балық және 10 млн дана консерві шығарады.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Түркіменстан 2015 жылдың ақпан айына қарай Каспий теңізі жағалауында бекіре тұқымдас балық өсіріп, уылдырық өндіретін кәсіпорын құрылысын жүргізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Trend агенттігі түркімендік ресми дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кешенде жылына 100 тонна бекіре балығы мен 2 тонна бекіре уылдырығы, 40 тонна сүрленген балық және 10 млн дана консерві шығарады.

Жобаның мердігері-Түркіменстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері Одағы құрамына кіретін "Мырадым" жеке меншік кәсіпорны. Құрылыс ӨКО мүшелерінің кредиттік қаржысы есебінен жүргізіледі. Өткен жылдың желтоқсанында Түркіменстан Орталық банкі осындай жобаны қаржыландыру мәселесін қарастырып жатқына айтылған. Бұл мәселе үкіметтік кеңестің отырысында талқыланды.

Түркіменстанда 2030 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылданған. Бұған дейін елдің балық шаруашылығы кенже қалған сала болып саналатын. Балық өндірісі шаруашылықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының алшақтығы саланың дамуына тұсау болды. Қабылданған бағдарламаға сәйкес, балық шаруашылығы саласы жаңғыртылып, осы заманғы инфрақұрылым салынбақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны