21.11.2018, 12:29 5126

Түркістан қаласында алғаш рет "AGROFEST-2018" ауыл шаруашылығы фестивалі өтті

Өӊір шаруалары "Озат астық жинаушы", "Озат мал бордақылаушы", "Озат бақша өсіруші" сынды 21 номинация бойынша марапатталды. Одан бөлек, аудан - қалалар арасында 16 бағыт бойынша үздіктер анықталды.

Түркістан. 21 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында алғаш рет "AGROFEST-2018" ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. "Есімхан" алаӊында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласыныӊ ардагерлері, еӊбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары қатысты.

Мерекелік жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, аймақтыӊ жетістіктеріне тоқталды.

"Өӊіріміздегі ауыл шаруашылық саласыныӊ жалпы өнім көлемі 475,6 млрд. теӊгеге жетіп, республикада 2 орынға қол жеткіздік. Көкөніс, бақша дақылдарынан 2,8 млн. тоннамен рекордтық өнім жинадық. 500 мыӊ тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне, 1 млн. тоннасы еліміздіӊ солтүстік өӊірлеріне жөнелтілді. Қарқынды баулардыӊ көлемі 2800 гектарға жетіп, елдегі жеміс-жидектіӊ 40 пайызы, жүзімніӊ 73 пайызы Түркістан облысында өндірілді. Республикадағы салынған жылыжайлардыӊ 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісініӊ 73 пайызы да біздіӊ өӊірге тиесілі. Облыста алғаш рет 6,2 мыӊ тонна ет экспортталып, республика экспортыныӊ 41 пайызын қамтыды. Мұныӊ барлығы Сіздердіӊ еткен еӊбек, төккен термен келген жетістіктер деп айтуға толық негіз бар", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы саласында белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген аудан, қалалар және жеке шаруалар ҚР Премер-Министрдіӊ орынбасары ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтіӊ және облыс әкімініӊ медальдары мен арнайы сертификатына ие болды. Өӊір шаруалары "Озат астық жинаушы", "Озат мал бордақылаушы", "Озат бақша өсіруші" сынды 21 номинация бойынша марапатталды. Одан бөлек, аудан - қалалар арасында 16 бағыт бойынша үздіктер анықталды.

Сондай-ақ, шара барысында көрме ұйымдастырылып, онда ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдыӊ түрлері мен озық техникалар ұсынылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтіп, онда 182 тонна табиғи таза өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағада саудаланды. Қонақтар үшін 1 тонна палау мен 1 тонна бауырсақ дайындалып, көпшілікке тегін таратылды.

Алаӊда ұлттық спорттыӊ 12 түрінен сайыстар өткізіліп, аудандардан жиналған білектілер мен ұлттық спорттыӊ шеберлері өзара мықтыларды анықтады. Үздік атанған барлық қатысушылар мен спортшыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны