25.06.2018, 22:52 4848

Түркістан облысы Астанадағы жәрмеӊкеге 300 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті

Түркістан облысы Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеӊке өткізбек. Осы аралықта Түркістандық шаруалар Елордаға 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ 28 түрін жөнелтеді.

Түркістан. 25 маусым. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ тауарөндірушілері 2018 жылдыӊ маусым айыныӊ 23-24 күндері Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесін өткізді. Шарада 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жалпы құны 122,8 млн. теӊгені құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада саудалады. Атап айтқанда, 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 18 тонна картоп, 20 мыӊ дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер, 41 тонна басқа өнімдер сатылымға шығарылды.

Түркістан облысы Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеӊке өткізбек. Осы аралықта Түркістандық шаруалар Елордаға 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ 28 түрін жөнелтеді. Осы мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы керуен Елордаға 20 маусым күні жолға шықты.

Республикада өндірілетін ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімініӊ 12,4 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Мәселен, елімізде өндірілген мақтаныӊ - 100, жүзімніӊ - 72,5, бақшаныӊ - 60, жеміс-жидектіӊ - 36, мақсарыныӊ - 43,4, көкөністіӊ - 24, жүгерініӊ - 21, сүттіӊ - 13,5, еттіӊ - 12,3 пайызы осы облыстыӊ үлесінде.

Сондай-ақ, Түркістан облысы озық технологиялар тереӊ қопсыту бойынша 110 мыӊ, интенсивті бау 2,8 мыӊ, жылыжай салу 1 325, тамшылатып суғару әдісін еӊгізуде 59,1 мыӊ гектармен республикада алдыӊғы қатарда.

Ондағы мал шаруашылығы бағытында халықаралық стандарттарға сәйкес ірі мал бордақылау мен замануи робатталған сүт-тауарлы фермалар және құс фабриклары іске асырылуда. Бұл облыстыӊ аграрлық саласыныӊ экспорттық әлеуетініӊ жоғарғы екендігін көрсетеді.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін 2017-2021 ж.ж дамыту" мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік қолдаулар мен қаржылық құралдары арқылы елдімекендердегі шағын және орта бизнес пен кооперациялар жүйесін дамытуға ерекше көӊіл бөлініп келеді. Бүгінгі күнніӊ өзінде облыста 60 мыӊнан астам жеке және қосалқы фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны