09.08.2018, 19:24 4219

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердіӊ 90 пайызы электронды картаға енгізілді

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы Күмісбек Ахметовтыӊ айтуынша, бұл бастама "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеӊберінде жүзеге асырылған.

Түркістан. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердіӊ 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеӊілдіктерді алып жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы Күмісбек Ахметовтыӊ айтуынша, бұл бастама "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеӊберінде жүзеге асырылған.

"Шаруалар егістік алқаптарын электронды картаға енгізіп, бір терезе қағидасы арқылы құжаттарын реттеген. Оларға мамандарымыз көмектеседі. Электронды карта жүйесініӊ артықшылығы -- шаруалар үйлерінде отырып-ақ ғаламтор арқылы тыӊайтқыш пен өзге де қажетті жеӊілдіктерге тапсырыс бере алады. Қазір ауданда жерді игеруге ниетті тұрғындар саны артып келеді. Биыл 94,6 мыӊ гектар жер игерілді. Былтырға қарағанда 3 мыӊ гектарға артық" - дейді К.Ахметов.

Биыл Бәйдібек ауданында қой саны 600 мыӊға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайған. Ірі қара саны 60 мыӊға, жылқы 200 мыӊға жетті. Түйе басы да көбейген.

Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығына мән беріліп, кооперативтердіӊ жұмысы жандануда. Солардыӊ қатарындағы "Алғабас-Ағыбет" өндірістік кооперативі мен "Ерсұлтан-агро" ЖШС-гі егін шаруашылығымен бірлесіп айналысуда. Бірлескен шаруашылық Алғабас, Ағыбет ауылдық округі аумағынан 2000 гектар жерге бидай, 1500 гектар жерге мақсары, 500 гектар жерге арпа, 400 гектар жерге жоӊышқа еккен. Аталған шаруашылықта Алғабас, Ағыбет ауылдық округініӊ 20-ға жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, маусымдық жұмыстар қызған кезде 45-50 адамды жұмысқа тартылып, оларға 80 мыӊ теӊге көлемінде еӊбекақы төленеді. Шаруашылықта 35 техника бар. Мұнда шаруалар "Стекловидный 24, "Красный водопад", "Память 47" бидай сұрыптарын еккен. Сонымен қатар арпамен сұлыны будандастырып өнім алуда. 6 тамызда 500 гектар мақсары өнімін ору жұмыстары басталды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны