27.07.2018, 15:35 4579

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы алғашқы жартыжылдықты қорытындылады

Мысалы, облыстағы 190 қонақ үйден небәрі 68 млн. теӊге салық түссе, 436 кәсіпкер салықты жасырып отыр. Өӊір тұрғындарыныӊ көлік салығынан қарызы 1 млрд. теӊгеге жеткен. Бұл - ойланарлық жағдай. Департамент басшысы көптеген мәселерді атап өтті. Олардыӊ бәрін бақылауда ұстап, жұмысты ширатқан жөн , - деді Жансейіт Түймебаев.

Түркістан. 27 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-да Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен жиын өтті. МәжілістеТүркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы Илібек Тілегенов алғашқы жартыжылдықты қорытындылап баяндама жасады.

Оныӊ айтуынша, "көлеӊкелі экономикамен" күресуде нәтижелі жұмыс бар. Ағымдағы жылдыӊ алғашқы 6 айы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 103% орындалып, нақты 151 млрд. теӊге өндірілген. Облыстыӊ сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 249 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда тауар айналымы 322 млн. АҚШ долларына немесе 35 пайызға ұлғайған. Жергілікті атқарушы және құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардыӊ нәтижесінде жыл басынан бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 13,2 млрд. теӊге өндірілді. Сондай-ақ, департамент басшысы И.Тілегенов қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары жүргізілсе, салық салу базасын кеӊейтуге мүмкіндіктер бар екендігін нақты дәлелдермен баяндап өтті. Атап айтқанда сауда орындары мен салтанат сарайларыныӊ (тойханалар) салықты уақтылы әрі заӊға сәйкес төлеуін қадағалаған жөн. Мәселен, салық төлеуден "Алатау", "Сұлтан" және басқа да салтанат сарайларынан кемшіліктер анықталып отыр. Ірі демалыс орындары да заӊнан аттап өтіп, небір қулықтарға барып жатыр. Аудан, қалалар аумағында жергілікті бюджет есебінен жаӊартылған немесе жаӊадан тартылған газ, су желілерініӊ уақтылы тиісті шаруашылық субъектілерініӊ баланстарына өткізілмеу салдарынан да мүлік және жер салықтарын жоғалтуда. Осы және өзге де жұмыстарды баяндаған департамент басшысы заӊсыздықтармен күресу бағытындағы іс-шаралар жалғасатынын айтты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдердіӊ мемлекет бюджетіне толық және уақытылы түсуі мемлекетіміздіӊ экономикалық дамуына, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және халқымыздыӊ әлеуметтік жағдайын жақсартуда маӊызы жоғары екенін айтты. Салықты уақтылы жинау, "көлеӊкелі экономикамен" күрес жүргізу жөнінде тиісті уәкілетті және атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді.

- Түркістан облысы бюджетініӊ 80 пайызы дотация арқылы келеді. Біз дотацияны азайту мақсатында салықты уақытылы төлеуіміз керек. Кәсіпкерлер табысын жасырмай, салығын заӊға сәйкес төлеп, жанашырлық танытулары тиіс. Мысалы, облыстағы 190 қонақ үйден небәрі 68 млн. теӊге салық түссе, 436 кәсіпкер салықты жасырып отыр. Өӊір тұрғындарыныӊ көлік салығынан қарызы 1 млрд. теӊгеге жеткен. Бұл - ойланарлық жағдай. Департамент басшысы көптеген мәселерді атап өтті. Олардыӊ бәрін бақылауда ұстап, жұмысты ширатқан жөн , - деді Жансейіт Түймебаев.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны