24.01.2019, 18:17 6433

Түркістан облысы Мақтаарал ауданыныӊ шаруалары қаӊтардыӊ қақ ортасында диқаншылықты бастады

"Жылыжайда 120 мыӊ түп қырықабаттыӊ көшетін дайындап, 30 адамнан құралған бригадамен көшет отырғызуды бастадық. Жұмысшыларға күніне 2 мыӊ теӊгеден еӊбек ақысын төлеудеміз.

Түркістан. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Мақтаарал ауданыныӊ еӊбекқор шаруалары қаӊтардыӊ қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдіӊ өзінде 10-нан астам жұмысшы тобы қатысып, қызу жұмыс жүруде.

Қаӊтардыӊ жауын-шашынына қарамастан егістік алқапта жұмыс жасап жатқан диқандардыӊ жай-күйінен хабар алу үшін аудан әкімі Бақыт Асанов "Мақтаарал" ауылдық округіндегі "Ферудин" шаруа қожалығына барды. Алиев Мирзадинніӊ басшылығындағы қожалықтыӊ еншісінде 10 гектар жер бар болса, соныӊ 5 гектарына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. 30 адамнан құралған жұмысшы топ қаӊтардыӊ әрбір жылы күнін пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс жасап жатыр.

"Жылыжайда 120 мыӊ түп қырықабаттыӊ көшетін дайындап, 30 адамнан құралған бригадамен көшет отырғызуды бастадық. Жұмысшыларға күніне 2 мыӊ теӊгеден еӊбек ақысын төлеудеміз. Негізінен 2 айдыӊ көлемінде еккен егініміз пісіп, жетіледі. Сондай-ақ, 90 күнде жетілетін сортын ектік. Егілген көшеттіӊ үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Еӊ бастысы - күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек", - дейді М.Алиев.

Мақтаралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттыӊ нидерландық пандион сұрпын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оныӊ соӊынан қауын-қарбыз, мақта сынды дақылдар егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. Былтыр сәуір айында алғашқы өнімін алған мақтаралдық диқандар республиканыӊ бірнеше облысын және Ресей Федерациясын қырыққабатпен қамтамасыз еткен болатын.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында былтыр 30 мыӊ тоннаға жуық көкөніс өнімдері қамбаға жиналған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны