06.07.2018, 15:23 8041

Түркістан облысы Сайрам ауданында 10 мыӊ ірі қара бордақыланатын кешен салынуда

Сайрам ауданыныӊ ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығы мен көкөніс өсіруге бағытталғанын айтқан аймақ басшысы бұл кешен іске қосылса, елдегі ет экспорты артатынын атап өтті.

Түркістан. 6 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Сайрам ауданында бір мезетте 10 мыӊ ірі қараны бордақылайтын кешен салынуда. "Нұрым Групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ мал бордақылау кешенінде қосымша құрама жем шығаратын цех және мал сою алаӊы да қарастырылған. Ауданға арнайы сапармен барған облыс әкімі Ж.Түймебаев аталған нысанға аялдап, серіктестіктіӊ алдағы жұмыс жоспарымен танысты.

Сайрам ауданыныӊ ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығы мен көкөніс өсіруге бағытталғанын айтқан аймақ басшысы бұл кешен іске қосылса, елдегі ет экспорты артатынын атап өтті.

"Аудандағы ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 15 млрд. теӊгеден асқан. Ал, осы уақыт ішінде 11 мыӊ тонна шамасында ет, 51 мыӊ тонна сүт, 7 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кешен аудандағы еӊ ірі мал бордақылау алаӊыныӊ бірі болып отыр. Осы қарқынмен жұмысты жалғастыра отырып, өӊдеу өнеркәсібіне көӊіл бөліп, малды тірідей сатудан бөлек оныӊ етін тереӊ өӊдеп сату мәселесін де қолға алу қажет", - деді облыс әкімі.

Ал, кешенніӊ құрылысымен таныстырған кәсіпкер С.Ертаев кешені іске қосқанда ет экспорты көлемініӊ арттыратындығын айтты.

"Қыркүйек айында мал бордақылау жұмысын бастаймыз. Жұмыс жоспар бойынша жүргенде күніне 100 бас сиырдыӊ етін өндіруге қол жеткіземіз. Қазіргі таӊда, ет экспортауға қатысты Иран және Өзбекстан елдерімен келісім-шарт түзілді. Біздіӊ өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Изірге тіпті үлгере алмай жатырмыз деп айтуға болады. Мәселен, жыл басынан бері Өзбекстанға жалпы 800 тонна, Иранға 200 тонна ет жөнелтілді", - деді кәсіпкер.

Жоба құны 3,456 млрд. теӊгені құрайды. 80 адам жұмыспен қамтылып отырған кешенде жылына 5000 тонна ет өндіріледі.

Айта кетейік, жалпы ауданда 300 бастан жоғары ірі қара бордақылайтын 33 алаӊша бар. Ал, жалпы мал бордақылау алаӊшаларыныӊ саны 900-ге жуықтайды.

Сондай-ақ, өӊір басшысы ауданға сапары барысында шетелдерден келген еріктілермен кездесіп, жұмысшы топтыӊ атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, еріктілерге алғыс білдірген облыс әкімі топтыӊ бірқатар мүшелерін марапаттады.

Құрамында дәрігер, құрылысшы сынды түрлі саланыӊ маманы бар еріктілер тобыныӊ Сайрам ауданына келгеніне 3 аптаныӊ жүзі болған. Олар мұнда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға түрлі бағытта ақысыз түрде көмек көрсетумен айналысып келеді. Шетелдік қайырымды жандар елімізде тағы 2,5 айға дейін болып, мұқтаж жандарға қол ұын созуды жоспарлап отыр.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны