06.07.2018, 15:08 7182

Түркістан облысында "7-20-25" бағдарламасы іске қосылды

Бағдарламаға қатысу үшін еӊбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісініӊ болуын растайтын құжат, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегініӊ болмауы туралы, тұрғын үйініӊ болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушыныӊ бағасын ұсынуға тиіс.

Түркістан. 6 шілде. Kazakhstan Today - Елімізде Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы аясындағы "7-20-25" мемлекеттік бағдарлама іске аса бастады. Қазірдіӊ өзінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында жеті адамға ипотека рәсімделді. Түркістан облысыныӊ тұрғындары да үй алуға өтінім бере берсе болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық банкі Түркістан облыстық филиалыныӊ директоры Ануар Ботанбеков мәлімдеді.

Филиал директоры артықшылықтары көп бағдарлама өте оӊай механизммен жұмыс істейтінін айтты.

"Банктер халыққа несие береді, ал "Баспана" ол несиені банктен сатып алады. Бұл халыққа да, банктерге де тиімді. Сондықтан 7-20-25 барлығына қолайлы болады. Ипотеканы өз атында үйі жоқ, жұмыс істейтін немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кез-келген азамат ала алады. Бағдарлама бойынша ипотеканыӊ жылдық ставкасы 7 пайыз, алғашқы жарнасы 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін. Тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаныӊ еӊ жоғары шегі 25 млн. теӊге, ал қалған өӊірлер үшін 15 млн. теӊге деп белгіленген", - деді Ануар Амангелдіұлы.

Бағдарламаға қатысу үшін еӊбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісініӊ болуын растайтын құжат, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегініӊ болмауы туралы, тұрғын үйініӊ болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушыныӊ бағасын ұсынуға тиіс.

Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес, несиеге бір триллион теӊге берілмек. Бүгінгі күні, Центркредит Банкі, Евразиялық банк, АТФ Банк, Цесна банк, Халық банкі, РБК Банк және Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "7-20-25" бағдарламасына қосылды. Алдағы уақытта Сбербанк пен Форте банктері де осы бағдарламамен жұмыс істейтін болады.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты www.baspana72025.kz ресми сайтынан алуға болады. Сондай-ақ + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны